Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Карантинге дейін Иранға барған Қазақстан азаматтары елге жете алмай отыр

Опубликовано:

Карантинге дейін Иранға барып, Горган мен Бендер-Түркмен қалаларында қалып қойған 40-қа жуық отандасымыз Сыртқы істер министрлігінен көмек сұрайды. Жырақта қалған жерлестеріміздің бірі – туыстарына, өзгесі – емделу үшін барған екен. деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Ираннан туған жеріне жете алмай отырған қазақстандықтардың бірі - Фатима Бәли. Өзге елде жүргінене екі жарым айға жуықтаған. Фатима Иранға аяғы ауыр кезде, бойындағы ауру себебімен барған. Қазір аман-есен босанып алған әйел адамның төрт баласы елде ата-әжесінің қасында қалған. Балаларын сағынған көпбалалы келіншек Қазақстанға оралуды қалайды.

Тек бір ғана Бендер Түркмен қаласында Фатима Бәли секілді 23 Қазақстан азаматы елге жете алмай жүр. Бәрі Ақтау қаласының тұрғындары.

Айтуларынша, көбінің қаражаты таусылған. Қандастарымыз Ирандағы туыстарының үйін паналауға мәжбүр. Әуе және кеме қатынасы толық тоқтағандықтан, отандастарымыз Ақтауға жете алмай отыр.

Коронавирустың жаппай таралуына байланысты Ирандағы жағдай да мәз емес.

Елде қауіпті індетті жұқтырғандар саны 66 мыңнан асты. Сондықтан тұрғындарға үйден шығуға мүлдем рұқсат жоқ.

Қазақтар ең көп қоныстанған Горган мен Бендер Түркмендегі көшелер де бос.

Ал Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің қолы байлаулы. Өйткені коронавирусқа байланысты Қазақстан да, басқа мемлекеттер де шекарасы мен әуе кеңістігін жауып тастаған.

Оның үстіне жырақта жүргендерге карантинге дейін-ақ елге дереу қайту жөнінде ескерту берілген дейді сыртқы ведомство өкілдері.

Дереккөз КТК арнасы

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус пандемиясына байланысты 15 сәуірге дейін жарияланған Төтенше жағдай 30 сәуірге дейін ұзартылды.

Оған сәйкес, ел аумағына көліктің барлық түрлерімен кіруге, сондай-ақ оның аумағынан шығуға шектеулер қойылған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850191-karantinge-dejin-iranga-bargan-kazakstan-azamattary-elge-zete-almaj-zr/

pixel