Выйти
RU

"Мақтан тұтамыз": Жас ғалымдар дәрігерлер мен ұстаздарға арнап өлең оқыды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының қызметкерлері еліміздегі төтенше жағдай кезінде өлшеусіз қызмет етіп жатқан дәрігерлер мен ұстаздар қауымына арнап өлең оқыды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақ ғалымдары дәрігерлер мен ұстаздарға арнап өлең оқыды

Көрнекі фото: Ашық дереккөз

Арнайы түсірілген видеожазбаны белгілі журналист, филолог Мейрамбек Таубалдиев өзінің парақшасында бөлісті.

"Дәрігерге құрмет! Мұғалімге құрмет! Ел амандығы үшін еңбек етіп жүрген әр азаматқа құрмет! Ғылым мен ғалымның, білім мен біліктіліктің беделі арта берсін! Карантиннен қажығанға сабырлық, шыдамдылық тілейміз. Сіздерді мақтан тұтамыз" ,- деп жазды Мейрамбек Таубалдиев.

Желі қолданушылары тіл білімі саласындағы қызметкерлердің бастамасына қолдау бідіріп, эстафета жалғастыруды ұсынды.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырудың тағы алты дерегі расталды. Осылайша, елімізде COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 979-ға жетті.

13 сәуір 14.30-дағы мәлімет бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында 4 адам, Солтүстік Қазақстан облысында 1 адам, Шығыс Қазақстан облысында 1 адам тіркелді.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 257 адам, Алматы қаласында 172 адам, Қарағанды облысында 76 адам, Ақмола облысында 71 адам, Атырау облысында 59 адам, Жамбыл облысында 46 адам, Шымкент қаласында 38 адам, Шығыс Қазақстан облысында 8 адам, Алматы облысында 21 адам,

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Ақтөбе облысында 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында 26 адам, Павлодар облысында 10 адам, Маңғыстау облысында 10 адам, Қызылорда облысында 119 адам, Батыс Қазақстан облысында 9 адам, Түркістан облысында 43 адам, Қостанай облысында 3 адам - жалпы 979 науқас анықталып отыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Мақтан тұтамыз": Жас ғалымдар дәрігерлер мен ұстаздарға арнап өлең оқыды