Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жұмыс сұрап көргенім жоқ": Болат Назарбаев ағасы жайлы шындықты айтты

Опубликовано:

Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев ағасы туралы айтып берді. Алматы облысының құрметті азаматы ел арасындағы "ағасы көмектесті" деген сөздің шындыққа жанаспайтынын, ол осы уақытқа дейін Елбасыдан мүлдем жұмыс сұрап көрмегенін жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Видеодан кадр/Youtube/AINA TV
Видеодан кадр/Youtube/AINA TV: Instagram

Белгілі тележүргізуші әрі журналист Гүлмира Нәлібайдың Болат Назарбаевпен телефон арқылы тілдесуі Youtube желісіндегі AINA TV жобасында жарық көрді.

"Өмірдің қиындығы болды. Бәрі үлкен ағасы көмектесіп жатыр деп ойлайды. Мен айтайын. Бұл сөзімді үлкен кісі де еститін шығар.

Мен ол кісіден (Нұрсұлтан Назарбаевтан) осы уақытқа дейін бір жұмыс сұрап көргенім жоқ. Мен ана жерде жұмыс істегім келеді деп.

"Басы жұмыс істесе, фамилия да жетеді "дейді ғой. Әрі қарай өзім алып кеттім. Ағама ауыртпалық түсіргенім жоқ", - деді ол.

Болат Назарбаев аға мен іні арасындағы сыйластық туралы да сөз қозғады.

"Ол кісі маған әкемдей болып кетті. Ағам хабарласса мен орнымнан тұрып сөйлесемін. Бір орында отырып сөйлесе алмайды екенмін. Бұл қорыққандық емес, сыйласымдық деп ойлаймын", – деді Елбасының бауыры.

Еске сала кетсек, осыған дейін ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың денсаулығына қатысты тараған қауесетке пікір білдірді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850585-zmys-srap-krgenim-zok-bolat-nazarbaev-agasy-zajly-syndykty-ajtty/

pixel