Выйти
RU

Қазақстан БАҚ-тағы мақала үшін Қытайға наразылық нотасын жолдады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан Қытай бұқаралық ақпарат құралдарының бірінде жарияланған мақалаға байланысты наразылық білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Материал "Қазақстан неге Қытайға оралуға тырысып жатыр?" деп аталады.

Фото: gov.kz/memleket

Фото: gov.kz/memleket

Аталған ақпарат еліміздің Сыртқы істер министрлігі сайтында жарияланды.

Хабарламаға сәйкес, ведомствода қытайлық елші Чжан Сяомен кездесу ұйымдастырылған. Келіссөздер барысында sohu.com порталында пайда болған мақала талқыға түскен.

Осыған байланысты қазақстандық тарап наразылық білдіріп, мұның "мәңгілік жан-жақты серіктестік" стратегиясына сәйкес келмейтінін және оның ережесін бұзу екенін еске салды.

Бұл келісім Қазақстан мен Қытайдың 2019 жылы 11 қыркүйекте қол қойған бірлескен мәлімдемесінде көрсетілген.

Келісімге сәйкес, елдер ақпарат тарату аясы мен БАҚ саласында ынтымақтасуға уағдаласқан. Наразылық нотасы Бейжіңде орналасқан еліміздің елшілігінен ҚХР Сыртқы істер министрлігіне жолданды.

Айта кетейік, бұған дейін қытайлық миллиардер Джек Маның қоры Қазақстанға гуманитарлық көмек жібергенін хабарлаған едік.

Көлемі 4,5 тонна құрайтын гуманитарлық жүктің ішінде 500 мың түрлі медициналық маска, 5 мың қорғаныш костюм, 50 мың медициналық қолғап, сондай-ақ қол тигізбей-ақ өлшейтін термометрлер бар.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстан БАҚ-тағы мақала үшін Қытайға наразылық нотасын жолдады