Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерке Есмаханның карантин кезінде ақ келін атанғаны рас па (фото)

Опубликовано:

Қазақстандық шоу-бизнестің жарық жұлдызы Ерке Есмахан кезекті фотосымен оқырмандарын ойландырып қойды. Әншінің ақ орамал тартып түскен суреті үлкен пікірталас тудырған. Желі қолданушылары өнер иесін карантин кезінде келін атанды деп болжады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/erke_esmahan. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/erke_esmahan. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Ерке Есмахан әлеуметтік желіні тағы да шулатты. Бұл жолы Instagram парақшасына орамал таққан фотосын жариялаған әншіні көпшілік тағы да тұрмыс құрды деп ойлап қалған.

Желі қолданушыларының мұндай болжамына өнер иесінің киім үлгісі себеп болса керек. Суреттен ол басына ақ орамал тартып, қолына етке толы табақты ұстап тұрғанын көруге болады. Оған қоса, әншінің дастарханы түрлі тағамдарға толы болған.

Оқырмандар аталмыш фотоны қызу талқыға салып, өз ойын жарыса білдіріп жатты.

"Сондай жарасымды" , "Сізге ақ орамал жарасады екен" , "Еркелігіңіз сізге ғана жарасымды" , "Ақ келін атандыңыз ба?" , "Келіндер сіздей болсын" , "Бақытты болыңыз" , "Ақ келін болдыңыз ба? Құттықтай береміз бе?" , "Супер келін" , "Сізден керемет келін шығары сөзсіз" , "Тағы да келін атандыңыз ба?" , - деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, бұған дейін Ерке Есмаханның Роналдумен түскен суреті қызу талқыға түскен болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1851049-erke-esmahanny-karantin-kezinde-ak-kelin-atangany-ras-pa-foto/

pixel