RU

18 сәуірден бастап Шығыс Қазақстан облысына карантин енгізіледі

18 сәуірде сағат 00: 00-ден бастап Шығыс Қазақстан облысының аумағында облыстық жедел штабтың шешімі бойынша карантин режимі енгізіледі. Елдегі ТЖ кезеңі аяқталғанға дейін облысқа кіру және шығу шектеледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Depositphotos

Облыс әкімі Даниал Ахметовтің сөзінше, карантин кезінде кейбір жұмыс берушілер қызметкерлерінің еңбекақысын сақтап, қашықтан жұмыс істеуге жіберуі керек.

Облыстқы жедел штаб өз қызметін тоқтата тұруға тиіс кәсіпорындардың тізімін толықтырған.

"Өскемен мен Семейде енгізілген шектеу кезінде көлікпен қамтамасыз ету мәселесін ұйымдастыруда бизнеске қолдау көрсеттік. Бірақ, рұқсат қағаздарын алған кейбір кәсіпкерлер оны мақсатсыз пайдаланып жүр. Тіпті, кей рұқсат қағаздардың сатылғаны туралы нақты ақпарат бар. ⠀ Менің өтінішіммен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаменті тексеру жүргізуде. Олар рұқсат қағаздарын беруде қызметін асыра пайдаланған мемлекеттік қызметшілердің заңсыз іс-әрекеттерінің жолын кесіп, тиісті шараларды қабылдайды", - деп жазды өңір басшысы Facebook-тегі парақшасында.

Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1362-ге жеткен. Олардың сегізі Шығыс Қазақстан облысында тіркелген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1851213-18-suirden-bastap-sygys-kazakstan-oblysyna-karantin-engiziledi.html