Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 21 адам тіркелді
Опубликовано:
Қазақстан COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 21 адам анықталды. Олар еліміздің әр өңірінен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандағы коронавирус бойынша 16 сәуір 17:15-тегі эпидемиологиялық жағдай:
COVID-19 инфекциясын жұқтырған 21 адам-Алматы (5), Нұр-Сұлтан (11) қаласы мен Қостанай (2) және Жамбыл (3) облыстарында тіркеліп отыр.
Осы сағатта:
Нұр-Сұлтан қаласы – 316
Алматы қаласы – 398
Шымкент қаласы – 43
Ақмола облысы – 81
Ақтөбе облысы – 14
Алматы облысы – 29
Атырау облысы – 70
Шығыс Қазақстан облысы – 8
Жамбыл облысы – 53
Батыс Қазақстан облысы – 25
Қарағанды облысы – 84
Қостанай облысы – 7
Қызылорда облысы – 131
Маңғыстау облысы – 12
Павлодар облысы – 13
Солтүстік Қазақстан облысы – 29
Түркістан облысы – 49, барлығы 1362 адам.
Олардың 263-і ауруынан айықса, 17-адам қайтыс болды.
Айта кетейік, 17-науқастың көз жұмғаны жайлы бүгін белгілі болды. Өлім жағдайы Алматы қаласында тіркелді.
Марқұм азамат жүрек-өкпе жеткіліксіздігі және кахексиясына (ағзаның тозуы) байланысты 8 сәуірден бастап Орталық қалалық клиникалық аурухананың провизорлық бөлімшесінде ем қабылдаған. Оның жағдайы ауыр болған.
Ал коронавирусқа алынған талдаулар оң нәтиже көрсеткен.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1851186-elimizde-koronavirus-zktyrgan-tagy-21-adam-tirkeldi/