RU

Шымкентте коронавирус жұқтырған жанұяның 9 мүшесі ауруханадан шықты

Шымкентте коронавирусқа шалдыққан бір отбасыдан 9 азамат сауығып, үйіне шығарылады. Бұл туралы бүгін Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Бекбауова БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте мәлімдеді.

Шымкентте коронавирусқа шалдыққан бір отбасыдан 9 адам үйіне шығарылады
Фото: NUR.KZ: Facebook

Дертінен сауыққандар - 2 бала, олардың біреуі - 1 жасқа дейінгі бала, жетеуі - ересек. Ауруханадан шығарылған пациенттердің зертханалық зерттеулері теріс нәтиже көрсетті, денсаулық жағдайлары жақсарған.

Айта кетейік, ауруынан сауығып шыққан науқастар медициналық қызметкерлердің уақытылы көмек көрсетуінің арқасында емделді.

Осыған байланысты Шымкентте карантин 3 ошақтан алынады. Олар: Тайманов көшесі, Төреқұлов көшесі және Мақталы көшесі.

Шымкент қаласының төтенше жағдай жөніндегі штабы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1851388-symkentte-koronavirus-zktyrgan-zanany-9-msesi-auruhanadan-sykty.html