Шымкентте коронавирус жұқтырған жанұяның 9 мүшесі ауруханадан шықты
Опубликовано:
Шымкентте коронавирусқа шалдыққан бір отбасыдан 9 азамат сауығып, үйіне шығарылады. Бұл туралы бүгін Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Бекбауова БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте мәлімдеді.

Дертінен сауыққандар - 2 бала, олардың біреуі - 1 жасқа дейінгі бала, жетеуі - ересек. Ауруханадан шығарылған пациенттердің зертханалық зерттеулері теріс нәтиже көрсетті, денсаулық жағдайлары жақсарған.
Айта кетейік, ауруынан сауығып шыққан науқастар медициналық қызметкерлердің уақытылы көмек көрсетуінің арқасында емделді.
Осыған байланысты Шымкентте карантин 3 ошақтан алынады. Олар: Тайманов көшесі, Төреқұлов көшесі және Мақталы көшесі.
Шымкент қаласының төтенше жағдай жөніндегі штабы
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1851388-symkentte-koronavirus-zktyrgan-zanany-9-msesi-auruhanadan-sykty/