Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мохаммад Салах туған ауылына мыңдаған тонна азық-түлік жіберді

Опубликовано:

"Ливерпуль" клубы мен Мысыр құрамасының футболшысы Мохамед Салах коронавирус пандемиясынан зардап шегіп жатқан туған ауылы Нагригке мыңдаған тонна азық-түлік жіберді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

27 жастағы футболшының әкесі ұлы туған ауылына азық-түліктен бөлек, медициналық маскалар беріп жібергенін айтты.

Салахтың өзі тұрғындарды көп жиналмауға және коронавирустың санитарлық нормаларын сақтауға шақырған.

Мысыр елінде коронавирус инфекциясын жұқтырған 3 мыңға жуық анықталған. Оның 224-і қауіпті дерттен көз жұмды.

Еске сала кетсек, соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 1661-ге жетті.

Ал қауіпті дерттен 17 науқас қайтыс болған. Соңғы өлім жағдайы Алматы қаласында тіркелген.

Марқұм азамат жүрек-өкпе жеткіліксіздігі және кахексиясына (ағзаның тозуы) байланысты 8 сәуірден бастап Орталық қалалық клиникалық аурухананың провизорлық бөлімшесінде ем қабылдаған. Оның жағдайы ауыр болған.

Ал коронавирусқа алынған талдаулар оң нәтиже көрсеткен.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты 15 наурызда Қазақстанда жарияланған Төтенше жағдай 1 мамырға дейін ұзартылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1851615-mohammad-salah-tugan-auylyna-mydagan-tonna-azyk-tlik-ziberdi/

pixel