Қазақстанда 17-адам коронавирустан қайтыс болды
Опубликовано:
Алматыда COVID-19 инфекциясынан тағы бір адам көз жұмды. Осылайша Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар 17 адамға жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

coronavirus2020.kz Телеграм арнасының мәліметінше, коронавирустық инфекция расталған науқас кеше, 15 сәуір күні көз жұмған.
1960 жылғы ер адам жүрек-өкпе жеткіліксіздігі, кахексиясына (ағзаның тозуы) байланысты 8 сәуірден бастап Орталық қалалық клиникалық аурухананың провизорлық бөлімшесінде ем қабылдаған. Ол ауыр халде болған.
Ал коронавирусқа алынған талдаулар оң нәтиже көрсеткен.
Айта кетейік, марқұм Алматыда COVID-19 инфекциясынан қайтыс болған үшінші адам.
Жалпы бүгін күнге дейін Қазақстанда коронавирус жұқтырған 1341 адам тіркелсе, оның 393-і осы Алматы қаласында. Олардың 60-ы ауруынан айыққан.
Сондай-ақ, Алматыда вирус жұқтыру қаупі басым топқа жататын адамдарды жедел-тестілеуден өткізу басталып кеткенін белгілі болды.
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың сөзінше, өзі де және атқарушы органның кейбір қызметкерлері де жедел-тесттен өткен.
Сағынтаевтың айтуынша, өзінің сынамасы теріс нәтиже көрсеткен.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1851148-kazakstanda-17-adam-koronavirustan-kajtys-boldy/