RU

Қазақстан азаматы Ресейде коронавирус инфекциясынан көз жұмды

Ресейдің Пенза қаласында Қазақстан азаматы коронавирус инфекциясынан қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

1977 жылы туған ер адамның өлімі туралы ақпаратты губернатордың баспасөз хатшысы Дина Черемушкина Telegram арнасындағы парақшасында жариялады.

"Науқас коронавирус инфекциясынан бөлек, қант диабетімен ауырған, артық салмағы болды", - деді ол.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда 1 676 адамда коронавирус расталды. Оның 400-і жазылып, 17 адам қайтыс болды

Соңғы өлім жағдайы Алматы қаласында тіркелген.

Марқұм азамат жүрек-өкпе жеткіліксіздігі және кахексиясына (ағзаның тозуы) байланысты 8 сәуірден бастап Орталық қалалық клиникалық аурухананың провизорлық бөлімшесінде ем қабылдаған. Оның жағдайы ауыр болған.

Ал коронавирусқа алынған талдаулар оң нәтиже көрсеткен.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты 15 наурызда Қазақстанда жарияланған Төтенше жағдай 1 мамырға дейін ұзартылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1851637-kazakstan-azamaty-resejde-koronavirus-infekciasynan-kz-zmdy.html