RU

Тағы 11 адам коронавирустан жазылды

Қазақстанда коронавирус инфекциясынан жазылғандардың саны 428-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Соңғы мәліметтер бойынша елімізде тағы 11 адам коронавирустан емделіп шыққан.

Олар Алматы қаласында - 4 адам, Ақтөбе облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Қостанай облысында - 1, Қарағанды облысында - 1 адам.

Қазақстан бойынша жазылғандар:

Нұр-Сұлтан қаласы – 180, Алматы қаласы – 88, Шымкент қаласы – 12, Ақмола облысы – 18, Ақтөбе облысы – 9, Алматы облысы – 9, Атырау облысы – 21, Шығыс Қазақстан облысы – 3, Жамбыл облысы – 6, Батыс Қазақстан облысы – 2, Қарағанды облысы – 13, Қызылорда облысы – 25, Маңғыстау облысы – 2, Павлодар облысы – 1, Солтүстік Қазақстан облысы – 25, Түркістан облысы – 13, Қостанай облысы - 1 адам.

Ал жалпы елімізде бүгінге дейін COVID-19 инфекциясы 1775 адамнан анықталған. Олардың 19-ы коронавирустан қайтыс болды. Сондай-ақ Ресейде бір отандасымыз COVID-19-дан көз жұмды.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты 15 наурызда Қазақстанда жарияланған Төтенше жағдай 1 мамырға дейін ұзартылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1851814-tagy-11-adam-koronavirustan-zazyldy.html