Тағы 18 жағдай: Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 1775-ке жетті
Опубликовано:
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 18 адам тiркелді. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 1775-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

"20 сәуірдің 17:40 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 18 адам тіркелді, оның ішінде Алматы қаласында – 14 адам, Шымкент қаласында – 3 адам, Қостанай облысында – 1 адам", - делінген хабарламада.
Осы сағатта
Нұр-Сұлтан қаласы – 383
Алматы қаласы – 549
Шымкент қаласы – 83
Ақмола облысы – 82
Ақтөбе облысы – 27
Алматы облысы – 44
Атырау облысы – 80
Шығыс Қазақстан облысы – 8
Жамбыл облысы – 61
Батыс Қазақстан облысы – 63
Қарағанды облысы – 93
Қостанай облысы – 21
Қызылорда облысы – 149
Маңғыстау облысы – 12
Павлодар облысы – 30
Солтүстік Қазақстан облысы – 30
Түркістан облысы – 60, жалпы 1775 адам.
Олардың 428-і ауруынан айықса, 19-ы қайтыс болды.
Сондай-ақ Ресейде бір отандасымыз COVID-19 инфекциясынан көз жұмды.
Естеріңізге сала кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты 15 наурызда Қазақстанда жарияланған Төтенше жағдай 1 мамырға дейін ұзартылды.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1851829-18-zagdaj-tirkeldi-elimizde-koronavirus-infekciasyn-zktyrgandardy-sany-1775-ke-zetti/