Выйти
RU

Иранның соңғы патшайымы Фарах Пехлеви туралы не білеміз

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Фарах Пехлеви - Иран халқының патшайымы. Мәртебелі отбасында дүниеге келген ару сүйіктісі Мохаммед Реза Пехлевиді студент күнінде кездестіріп, оның үшінші жары болуға келісімін берген. Әлемге сұлулығы мен даналығының арқасында танылған патшайым туралы KAZ.NUR.KZ Bigpicture.ru-ке сілтеме жасап назарыңызға ұсынады.

Иранның соңғы патшайымы Фарах Пехлеви туралы не білесіз

Фото: bigpicture.ru

Иран монархы Мохаммед Реза Пехлевидің болашақ әйелі Фарах Диба 1938 жылы Тегеранда офицер отбасында дүниеге келген.

Оның әкесі ресейлік Романов императорларына қызмет еткен танымал дипломаттың ұлы болған және Сен-Сир француз әскери академиясында білім алған.

Отбасы ирандық ақсүйектер қатарына кіріп және елдегі ең құрметті адамдардың бірі болып саналған. Сондықтан Фарах өзінің қоғамдағы мәртебесіне сәйкес келуі тиіс еді. Ата-анасы қыздарының нағыз ханым болғанын қалап, оған француз тілін, тарих пен әдебиетті үйретуді қолға алған.

Иранның соңғы патшайымы Фарах Пехлеви туралы не білесіз

Фото: bigpicture.ru

Мектепті тәмамдағаннан кейін бойжеткен әкесінің тілегін орындап, Ecole Speciale d ' Architecture Париж сәулет институтына оқуға тапсырады.

Бұл жоғары оқу орны ер адамдарға арналған, алайда батыл Фарах оны елемей, барлық емтихандарын сәтті тапсырып, оқуға түседі.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Еуропаның ең үздік сәулет институттарының бірінде оқу кестесі өте күрделі болған, сондықтан Фарах өзіне тек бір рет демалуға мүмкіндік берген. Ол 1959 жылы Парижге өзінің туған елінің билеушісі шах Мохаммед Реза Пехлеви ресми сапармен келген кез болатын.

Фарах Иран елшілігінде монархқа арналған салтанатты кешке келушілердің қатарында болуы тиіс еді. Ал бұл кезде бұрынғы әйелімен ажырасқанына бір жыл толған Пехлеви өзіне жар іздеп жүрген болатын.

Иранның соңғы патшайымы Фарах Пехлеви туралы не білесіз

Фото: bigpicture.ru

Іс-шараның алдында бойжеткеннің құрбылары: "Шах неге сені жары етіп алмайды екен Сен сондай сұлу әрі ақылдысың" деп күлген екен. Ал ару олардың сөзін әзілге айналдырып, езуін жия алмапты. Алайда Фарах ол сөздердің шынға айналатынын мүлде білмеген.

Фарах елшілікке қара-ақ түсті костюм киіп келген. Бойжеткен өзге қонақтардан ерекшеленіп тұрғандықтан, Шах онымен танысуға бел буады. Мохаммед Реза Пехлеви жас студентке қолын созып, оның оқудағы жетістіктерімен танысады.

Көп кешікпей Фарах бұл кездесу туралы ұмытып, емтиханға және жазғы демалысқа дайындала бастады. Ал шах осы уақытта бәрін ойластырып, оған ұсыныс жасауға дайындалып жүрген.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Иранның соңғы патшайымы Фарах Пехлеви туралы не білесіз

Фото: bigpicture.ru

Фарахты қорқытып алмау үшін Мохаммед байсалды әрекет ете бастайды. Жоспар бойынша, алдымен бойжеткен шахтың туысы әрі шет елдердегі Иран студенттерінің шәкіртақысына жауап беретін шенеунік Ардешир Захедидің үйіне шақырылды.

Фарах қонаққа қандай да бір төлемдер туралы сөйлесуге бара жатырмын деп ойлады. Алайда ол кезде шенеуніктің үйіне кездейсоқ шах келіп, Фарахпен тағы да қысқа әңгіме өрбітеді.

Ол кезде бойжеткен кездесудің алдын ала жоспарланғанын білмеген. Алайда кейіннен оны Мохаммедтың қызы қонаққа шақырады. Осыдан кейін шах өзінің екі рет сәтсіз отбасы құрғанын, енді өзіне мәңгілік жар іздейтінін айтады. Содан кейін Фарахқа сөз салды. Ару өз кезегінде ойланбастан "иә" деп жауап берді. 1959 жылы 20 желтоқсан күні қос ғашық некесін қиды.

Иранның соңғы патшайымы Фарах Пехлеви туралы не білесіз

Фото: bigpicture.ru

Мохаммед Реза Пехлеви 20 жыл бойы тақ мұрагеріне зар болған. Алайда үшінші жары Фарах Пахвели ғана 1960 жылы 31 желтоқсан күні оған мұрагер сыйлады.

Бүгінде Фарах Пехлеви 81 жаста және ол АҚШ-та тұрады. Иран патшайымы күйеуінен ғана емес, қызы Лейла мен Ұлы Алиден де айырылған. Ол күн сайын жақындарын еске алып, сағынса да, Иран мен өз халқы үшін өмір сүруді жалғастыруда.

Тағы да оқыңыздар

Қазақстанның атақты дизайнерлері

Иранның соңғы патшайымы Фарах Пехлеви туралы не білесіз

Фото: bigpicture.ru

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Шри-Ланка ханшайымы мен қарапайым ресейлік жігіттің махаббат хикаясы туралы жазған едік.

Иранның соңғы патшайымы Фарах Пехлеви туралы не білесіз

Фото: bigpicture.ru

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Иранның соңғы патшайымы Фарах Пехлеви туралы не білеміз