Шри-Ланка ханшайымы мен қарапайым ресейлік жігіттің махаббат хикаясы көпті тәнті етті
Жарияланған күні:
Шри-Ланка ханшайымы Фариида Моддалигэ ресейлік Михаил Бондаренко есімді қарапайым жігітке ғашық болып, тіпті сүйіктісі үшін ата-анасы таңдаған жігіттен бас тартқан. Туыстарының қарсылығына қарамастан жұбайымен бүгінде бақытты өмір сүріп жатқан ханшайым жайлы KAZ.NUR.KZ bigpicture.ru сайтына сілтеме жасап жазады.
Ханшайым Фариида Моддалигэ бес жаста болғанда анасы оған күйеу жігіт іздей бастайды. Көп ұзамай Леонардо есімді ақсүйек ханшайымға лайық деп танылады.
Фариида шри-ланкалық Перадении институтын тәмамдап, кейіннен Оксфорд университетіне түсіп, халықаралық қатынастар мамандығы бойынша білім алды. Дәл осы кезде Англияда ол өзінің болашақ жұбайы Михаил Бондаренкомен танысқан. Ол кезде ер адам журналистика саласында қызмет етіп, 90-жылдары табысты бизнесменге айналған еді.
Михаил 1996 жылы жазда іс-сапармен Кипрге келген. Ол кезде Фариида сол жерде жүрген еді. Бірақ бойжектен өзге ақсүйектермен бірге көңіл көтермей, ірі сауда дүкенінде жай ғана сатушы болып жұмыс істеген. Себебі ханшайым қарапайым адамдардың қалай өмір сүретінін білгісі келіпті.
Михаил Фарииданы дүкен сөресінің маңынан көріп, өз көзіне өзі сенбеген. Сол кезде ғана жігіт пен қыздың арасында әңгіме өрбіп, ер адам оны алғаш рет кездесуге шақырады.
Михаил Фарииданың әрбір кездесуге құрбыларымен бірге келетінін байқапты. Уақыт өте арудың мұндай қылығы жігіттің көңілін құлазыта бастаған. Сол кезде ғана Фариида өзінің нағыз ханшайым екенін және оған ер адамдармен оңаша қалуға болмайтынын айтыпты.
Алайда Михаил бұл жаңалыққа аса мән бермеген. Оны Фарииданың тегі мен шыққан жеріне қызықтырмаған. Себебі жігіт ештеңеге қарамастан бойжеткенмен бірге қалған өмірін өткізгісі келетінін нақты білген.
Бір айдан кейін Михаил ханшайымға сөз салған, ал бір жылдан кейін оның келісімін алыпты. Фариида сүйіктісінің және өзінің сезіміне көз жеткізу үшін осыншалық ұзақ уақыт сұраған.
Алайда бұл сәтте ханшайымға анасы таңдаған адамға тұрмысқа шығу үшін үйге қайта оралу керек екені жазылған хат келіпті.
Фариида орыс жігітіне ғашық болып қалғанын айта алмаған, бірақ өзі сүймеген жанға да тұрмысқа шыққысы келмеген. Сол себепті ханшайым той көйлегін таңдап жатқан кезде құрбысының көмегімен Кипрге, Мхаилдың жанына қашып кеткен.
Қос ғашық дүбірлі той жасамай-ақ отбасын құрған. Неке қию рәсіміне қалыңдықтың ағасы мен құрбысы ғана келген. Қалған туыстары Фарииданың іс-әрекетіне шамданып, одан теріс айналды. Тіпті, ол дүниеге қызы Сунитаны әкелгенде де ханшайымның анасы немересімен танысуға асықпайды.
Кейінірек Фариида қызымен Шри-Ланкаға шақырту алады, ал "Норд-Ост" мюзиклы кезінде болған терактіден кейін отбасына сол жаққа толықтай көшіп кетуге ұсыныс жасалды.
Десе де, оның орнына Михаил мен Фариида Мәскеуге көшіп кетеді Ханшайым үйде ұзақ отыра алмай, қоғамдық қызметпен айналыса бастайды. 2003 жылы ол Ресейдің "Жыл тұлғасы" атағына ие болды.
Қазіргі таңда Фариида екі қыз өсіріп, қоғамдық жұмыстармен айналысуда. Бос уақытын балалары мен күйеуіне арнайды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қытайда эвакуация кезінде бір-бірін ұнатып қалған қос ғашықтың кездесе алмай жүргенін жазған едік.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1842761-sri-lanka-hansajymy-men-karapajym-resejlik-zigitti-mahabbat-hikaasy-kpti-tnti-etti/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.