jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Якутияда балалар толы автокөлік мұз астына түсіп кетті (фото)

    : Facebook

    Якутияда автокөлік мұздың астына батып кетті. Көлікте жеті адам болған, оның ішінде бесеуі – бала. Балақайлардың бірі көз жұмған. Бұл туралы Ресей ТЖМ Якутия республикасы бойынша бас басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

    Фото: vk.com/yakutsk_news
    Фото: vk.com/yakutsk_news: Facebook

    Өңірде күннің жылуына байланысты барлық мұз өткелдері жабылған. Карантин шаралары шеңберінде Лена мен Алдан өзендері арқылы адамдарды өткізу тоқтатылған.

    Фото: vk.com/yakutsk_news
    Фото: vk.com/yakutsk_news: Facebook
    "Верхневилюйск селосынан 2 шақырым қашықтықта, Вилюй өзенінің 440-шақырымында көлік құралының заңсыз мұзға шығуының салдарынан суға батқаны туралы ақпарат келіп түсті. Автокөлікте жеті адам болған, оның бесеуі – бала. Балақайлардың бірі көз жұмды", – деп мәлімдеді ТЖМ-нің республика бойынша бас басқармасы.
    Фото: vk.com/yakutsk_news
    Фото: vk.com/yakutsk_news: Facebook

    Еске сала кетейік, биылғы жылдың басында Ресейдің Владивосток қаласындағы Руский аралында балықшылардың 30-ға жуық автокөлігі мұз астына түсіп кеткен болатын.

    Ресей ТЖМ-нің Приморск өлкесі бойынша бас комитетінің төрағасы аталған оқиғаға пікір білдіріп, бұған балықшылардың көлікпен мұзға шықпау туралы талапты орындамауы себеп болғанын жеткізген еді.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    Якутияда балалар толы автокөлік мұз астына түсіп кетті (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.