Меломендік Ғабит Бибасұлы үшінші мәрте әке атанды
Жарияланған күні:
"Меломен" тобының мүшесі Ғабит Бибасұлы үшінші мәрте әке атанды. Әншінің әйелі оған екі қыздан кейін ұл бала сыйлаған. Қуанышы қойнына сыймаған жас ата-ана бұл отбасылық жаңалығымен желіде өздері бөліскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ғабит Бибасұлы Instagram парақшасы арқылы қалың көпшілікке қуанышты хабарды жеткізіп, сүйінші сұраған.
"Әке, ана, немерелеріңіздің бауы берік болсын! Аллаға шүкір! Рахмет махаббатым! Қош келдің батырым" , - деп жазған өнер иесі.
Эстрада жұлдызының жары Нұрила Ақберген де желіде жазба жариялап, барша аруларға ана бақытын сезінуді тіледі.
"Бүгін Алланың қалауымен ұлды болдық. Аллаға сансыз шүкірлер болсын. Барша, әйел қауымына ана бақытын сезінуді Алла нәсіп етсін. Әумин" , - деп жазған ол.
Белгілі болғандай, өнер иесінің келіншегі ұлын кеше босанған. Алайда, ерлі-зайыптылар атұстарына қандай есім бергенін әлі айтқан жоқ.
Желі қолданушылары үшінші мәрте ата-ана атанған жұпты құттықтап, дүние есігін енді ғана ашқан сәбиге өз ақ тілегін білдіріп жатыр.
Айта кетейік, Ғабит Бибасұлының бұл перзентінен үлкен Зере және Асинат есімді екі қызы бар.
Еске сала кетейік, карантин уақытында тағы бірқатар өнер жұлдыздары балалы болды. Көпбалалы әкелер қатарын бұл кезеңде Нұржан Керменбаев толықтырды. Әнші екі ұлдан кейін қызды болған.
Сонымен қатар, биыл 39 жастағы Дильназ Ахмадиева алғаш рет ана атанған болатын. Ол жұбайына ұл бала сыйлаған.
"Mysterions" тобының әншісі Дильен де карантин уақытында әке атанды. Ол екінші мәрте ұлды болған.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1852382-melomendik-gabit-bibasly-sinsi-mrte-ke-atandy/