Выйти
RU

"Вирустан емес, аштықтан өледі": Әнші Бүркіт президентке үндеу жолдады (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші Бүркіт әлеуметтік желіде президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдап, карантин кезіндегі халықтың жағдайын баяндады. Шоу-бизнес жұлдызы мемлекет басшысынан шектеу шараларын бәсеңдетуді сұрады. Оның айтуынша, карантин кесірінен табысынан айырылған жағдайы төмен отбасылар коронавирустан емес, ашқтықтан өлетін болады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр/Instagram/berkut_qazaqstan/Ақорда. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр/Instagram/berkut_qazaqstan/Ақорда. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Бүркіт коронавирус пандемиясына қатысты видео үндеуін Instagram парақшасында жариялаған. Эстрада жұлдызы бейнежазбада халықтың жанайқайын жеткізген.

"Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Сізге Қазақстан азаматтары атынан үндеу жолдаймын. Елімізде карантин енгізілген бір айдан астам уақыт ішінде медициналық қызметтер адамнан вирусты анықтай алатындай жағдайға жеткен болар. Біз өз кезегімізде қаланың түрлі аудандарын аралап, мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратып жүрміз. Алайда, өкінішке орай біз барлығына дерлік көмектесе алмаймыз. Біз тұрмысы төмен отбасыларда орны алып жатқан жағдайды көріп отырмыз. Олар өте аянышты халде" , - деп жазды өнер иесі.

Эстрада өкілі карантин режимі әсіресе қарапайым халыққа аса ауыр тиіп жатқанын ашып айтты.

"Күнделікті нәпақасын тауып келген такси жүргізушілері, еден жуушылар, даяшылар мен базар қызметкерлері өте қиын жағдайға тап болды. Бұған бей-жай қарай алмаймын. Осыған байланысты сізден карантин режимін бәсеңдетіп, көптеген компаниялар мен мекемелерге жұмысын қалпына келтіруге мүмкіндік беруіңізді сұраймын.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Әрине, тек санитарлық шаралардың барлығы сақталған жағдайда. Бұл көптеген азаматтардың өмірін жеңілдете түсері анық. Себебі, адамдар коронавирустан емес, аштықтан өледі. Ал бұл жағдай мына бейбіт заманда әндеттен де қорқынышты. Осыны назарыңызға алуыңызды сұраймын. Сізге мықты денсаулық және амандық тілеймін" , - деп қайырды Бүркіт.

Айта кетейік, Бүркіт ел басына түскен ауыр сынақта отандастарына қолынан келгенше көмек көрсетуде. Өнер иесі бір ай бойы мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратып жүр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Вирустан емес, аштықтан өледі": Әнші Бүркіт президентке үндеу жолдады (видео)