Выйти
RU

Алматылық дәрігер карантинді фарс деп атады: Министрлік пікір білдірді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматылық дәрігер Ирина Акимжанова әлеуметтік желідегі парақшасында қатаң карантин шараларының қажеттілігіне күмән келтіретінін білдіріп, видеоүндеу жолдады. Медицина қызметкері елде болып жатқан жағдайлардың барлығын фарс деп атады. Оқырмандардың талқысына түскен осы жазбаға денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ләззат Ақтаева жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Facebook

Фото: Facebook

Ирина Акимжанова Facebook желісіндегі парақшасында жариялаған видеода жағдайлардың барлығын фарс деп атап қана қоймай, дәрігерлердің басқа ауру түрінен қайтыс болған науқастарға коронавирус диагнозын қоюға мәжбүр екенін айтқан.

Медицина қызметкерінің жазбасы оқырмандарының талқысына түсті.

Кейбір желі қолданушылары Акимжанованың айтқанын қолдайтын жеткізсе, енді бірі "оның сөздері шындыққа жасанпайды" деген пікірде.

Бұл шулы жазбаға денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ләззат Ақтаева пікір білдірді.

"Құрметті Ирина Владимировна! Сіздің пікіріңіз желіде кеңінен тарап, көпшілікке жетті! Біздің барлығымызды және сізді де коронавирус инфекциясынан құтқаруға ат салысып жатқандардың сұрақтарыңызға жауап беруге мұршасы да жоқ. Сондықтан маған мұны істеуге рұқсат етіңіз", - деп сөзін бастады ол Facebook желісіндегі парақшасында.

Ақтаева донор болу үшін белгілі бір критерийлерге жауап беру керектігін айтты. Оған 18 жастан асқан, коронавирус инфекциясымен бұрын ауырған адам қатыса алады.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Вице-министрдің сөзінше, жүкті әйелдерге донор болуға рұқсат бермеуі мүмкін.

"Егер сіз осы критерийлердің барлығына сәйкес келсеңіз, онда кез-келген аймақтағы қан орталығына қан өткізе аласыз. Алматыда Өтепова көшесінде Республикалық қан орталығы бар, сонда барсаңыз болады", - деді ол.

Ақтаева алматылық дәрігердің "басқа ауру түрінен қайтыс болған науқастарға коронавирус диагнозын қоюға мәжбүр" деген сынына да жауап қайырды.

"Коронавирус анықталған әрбір жағдай, тіркеледі. Бұл жағдайда коронавирус немесе науқас бойындағы асқынған созылмалы дерттер өлімнің себебі болуы мүмкін.

Мысалы, науқас ұйқы безінің некрозынан немесе инсульттан қайтыс болды делік, одан кейін одан коронавирус анықталады, бірақ инфекцияның белгілері көрінбейді. Міне, мұндай жағдайда коронавирус өлімнің тікелей себебі бола алмайды.

Кісі өлімі нәтижелерін зерттеу жөніндегі арнайы комиссия құрылды, онда мамандар өлімнің тікелей себебін анықтау үшін себеп-салдар бойынша жұмыс істеуде", - деді ол.

Вице-министр "барлық жағдай фарс болып табылады" деген Акимжанованың сынына да пікір білдіруді ұмытқан жоқ.

"14 күндік оқшаулау - бұл инкубация кезеңі (аурудың көрініс табуы тиіс кезеңі), оған төтеп бере алуыңыз керек және Сізге және жақындарыңызға коронавирус жұғуына жол бермеңіз.

Тағы да оқыңыздар

Жын кірген адамды қалай анықтауға болады?

Мен барлықтарыңызға шыдамдылық тілеймін, қауіпті дерттің беті қайтып, науқастар саны азая бастағанда карантин де ақырындап алына бастайды. Барлықтарыңызға жақсылық пен денсаулық тілеймін!" - деп сөзін денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ләззат Ақтаева.

Еске сала кетсек, соңғы дерек бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 2334-ке жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматылық дәрігер карантинді фарс деп атады: Министрлік пікір білдірді