Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сүрінбейтін тұяқ жоқ": Бесбаев ұтыс ойынын өткізген Ернар Айдарға араша түсті

Опубликовано:

"Мұзарт" тобының әншісі, алаштың ардақты азаматы Мейрамбек Бесбаев карантин кезінде ұтыс ойынын өткізіп қолға түскен Ернар Айдарға араша түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/ernaraidar_kz
Фото: Instagram/ernaraidar_kz: Instagram

Бұл туралы отандық шоу-бизнес жұлдызы Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Қадірлі ағайын! Соңғы күндері қазақтың талантты ұлдарының бірі, белгілі әнші Ернар Айдардың маңайында болып жатқан жағдайдан біршама хабардар шығарсыздар. Мен Ернармен хабарласып, мән-жайды анықтап білдім. Өзі сіздерге толық ақпарат берейін десе, телефоны бұғаттаулы, себебі қазір алаяқтар ұсталып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Сондықтан, мен сіздерге болған жағдайды жеткізгелі отырмын", - деп сөзін бастады ол.

"Мұзарт" тобының әншісі Ернар Айдар алаяқтардың құрбаны болғанын ашып айтты.

"Бұл жағымсыз жағдайда алданған азаматтармен қатар Ернар бауырымыз да алаяқтардың құрбаны боп отыр. Бүгінгі таңда алаяқтар құрықталды. Ернар өз кезегінде тергеу жұмыстарының әділ жүргізілуіне жан-жақты ақпарат беріп, барынша көмектесіп жатыр", - деді өнер иесі.

Беспаев ел тұрғындарын Ернар Айдарға түсіністік танытуға шақырды.

"Қазақта “жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ” деген сөз бар. Өнер адамының аңқылдақ ақкөңілдігі кейде осындайда өзін жарға жығатыны да бар. Ол үшін сүйікті ұлдарыңызды қатты сөге көрмеңіздер. Өздеріңіз білесіздер, әнші ұлдарыңыз алдарыңызда талай өнер көрсетіп, қаншама қайырымдылық шаралардың бел ортасында жүрді. Әлі де сіздер үшін қызмет жасап, сахнадан көңілдеріңізді көтереді.

Ернар тап болған бұл жағдайға түспес үшін, барша әріптестеріме мұндай жеңіл табысқа құмартпауын ескерткім келеді!

Осындай келеңсіз жағдайға түсіп қалған Ернар ініме сабыр тілеп, барша ағайынға Ораза айында кешірімді болуын сұраймын", - деп сөзін қорытындалыды Мейрамбек.

Еске сала кетсек, осыған дейін қазақ эстрадасының жұлдызы Ернар Айдар елімізде енгізілген карантин режимін бұзғаны үшін құрықталды. Өнер иесі бір бөлмеде он екі адаммен жиналып, тікелей эфир кезінде ұтыс өткізген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1852891-tergeu-amaldary-zrip-zatyr-besbaev-tys-ojynyn-tkizgen-ernar-ajdarga-arasa-tsti/

pixel