Выйти
RU

Қазақстанда шаштараз қызметі қымбаттап кетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

4 мамырдан бастап Алматы және басқа да қалаларда шаштараздар ашыла бастады. Карантиннен кейін шаш қию бағасы қалай өзгеретінін осы айдың соңына қарай білетін боламыз. Алайда осы жылы бағалар өсімі байқалады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Finprom сараптама порталына сілтеме жасап.

Қазақстанда шаш қию қымбаттады

Көрнекі фото: pixabay.com

2020 жылғы наурыз айының қорытындысы бойынша әйелдердің шаш қиюының орташа бағасы 1 862 теңгені құрады. Порталдың деректеріне сәйкес, бұл Қазақстандағы орташа көрсеткіш болып табылады.

Зерттеу үшін наурыз айының деректерін алуымыздың себебі – сәуір айында елдегі қалалардың көбінде шаштараздар жұмыс істемеді, ал мамыр айында әлі де елеулі өзгерістер болуы әбден мүмкін.

Ағымдағы жылдың ақпан айымен салыстырғанда әйелдердің шаш қию бағасы 0,45%-ға өскен, ал 2019 жылдың наурызымен салыстырсақ, өсім 4,8%-ды құрайды.

Алматыда әйелдердің модельді үлгіде шаш қиюдың 2020 жылдың наурыз айындағы орташа бағасы – 4 674 теңге. Жыл ішінде бағасы 6,6%-ға өскен.

Шаш үлгісінің қымбаттылығы жөнінен екінші орында – Нұр-Сұлтан. Елордалықтар шаш қию үшін орташа есеппен алғанда 3962 теңге төлейді. Жылдық баға 1,3% немесе 52 теңгеге өсті.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Қазақстанда шаш қию қымбаттады

Ақпараттық кесте: finprom.kz

Елдегі ерлердің шаш қию орташа бағасы әйелге қарағанда үштен бірге кем. Наурыз айының қорытындысы бойынша, қазақстандық ер азаматтар шаштараз қызметі үшін орташа есеппен 1260 теңге төлейді.

Жыл сайын ерлердің шаш қию орташа бағасының өсуі әйелдерге қарағанда біршама үлкен. Бір жыл ішінде елдегі шаштараздық қызметтердің орташа көрсеткіші 6,6%-ға өскен. 2019 жылы наурызда ерлерге арналған шаш қию бағасы 1 182 теңгені құраған.

Елдегі ең қымбат бағаға шаш қиятындар алматылықтар екен. Мұнда ерлердің шаш үлгісінің орташа бағасы 2 842 теңгені құрады. Жылдық өсім 3% құрайды.

Елордада орташа баға біршама төмен – 2 135 теңге. Сонымен бірге, жыл сайын баға өсімі айтарлықтай жоғары – 9,4%. Бір жыл бұрын Нұр-Сұлтандағы ерлер шаштараз қызметі үшін орта есеппен 1 ​​951 теңге берген.

Қазақстанда шаш қию қымбаттады

Ақпараттық кесте: finprom.kz

Қазақстанда 4 мамырдан бастап карантин режимі жеңілдетіле бастады. Қалалар мен облыстарда бірқатар кәсіпорындардың жұмысы жанданатынын жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда шаштараз қызметі қымбаттап кетті