Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұйрық шықты": Білім министрі мектепте қағазбастылық жойылатынын мәлімдеді

Опубликовано:

Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов балабақша, мектеп және колледжде қағазбастылықтан арылатын күн келгенін мәлімдеді деп хабарлайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Министр педагогтардан негізгі төрт құжат талап етілетінін тілге тиек етті. Аймағамбетовтың сөзінше, оның ішінде оқытушы тек екеуін ғана күнделікті жүргізіп отырады.

"Олар: дәстүрлі сабақ жоспары мен сынып журналы. Қалған құжаттар, яғни күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау мен жетекшілік бойынша құжат бар. Демек құжаттар тізімі нақты бекітілді. Қазір орта білім дәрежесінде оны қатаң сақтау керек", - деді ол.

Министр педагогты қосымша құжат толтыруға міндеттегендерге ірі көлемде айыппұл салу көзделгенін жасырған жоқ.

Оның мәліметінше, 1 сәуірден бастап білім сапасын қадағалау департаменттері осындай құзіретке ие болған.

"Олар артық қағазбастылықты мен мұғалімді міндетінен тыс жұмысқа тарту мәселесін қатты қадағалауы керек. Бұл мәселеге нүкте қоюуымыз керек. Балабақша, мектеп, колледж болсын – қағазбастылықтан арылатын күн келді. Нақты бұйрық шықты. Дайын.

Тиісті шара қолданатын мекемелер бар. Заңда және әкімшілік кодексте тиісті нормалар, санкциялар мен айыппұлдар қарастырылды. Сондықтан бұл мәселені күнделікті өз бақылауымызда ұстайтын боламыз. Қағазбастылық мүлде жойылады. Бұйрық тіркеуден өтті. Жергілікті департаменттер бұл мәселені қатаң бақылауда ұстауы керек", - деді Аймағамбетов.

Еске сала кетсек, бұған дейін білім министрі оқу жылын шілдеге дейін ұзартудың неліктен мүмкін емес екенін түсіндірген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854466-bjryk-sykty-bilim-ministri-mektep-kagazbastylyk-zojylatynyn-mlimdedi/

pixel