Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Білім министрі оқу жылын шілдеге дейін ұзартудың неліктен мүмкін емес екенін түсіндірді

Жарияланған күні:

Қазақстанның білім министрлігінің басшысы төртінші тоқсанды кейінге қалдырмау шешімінің себебін түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Білім министрі оқу жылын шілдеге дейін ұзартудың неліктен мүмкін емес екенін түсіндірді
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Бүгінгі таңда 3 миллионға жуық қазақстандық мектеп оқушылары қашықтықтан оқуды бастады, өйткені елімізде коронавирустың салдарынан карантиндік режим енгізілді.

Бірақ көптеген оқушыларда үй тапсырмаларына қол жеткізуде және жасалған жұмыстарды жіберуде қиындықтар пайда болды.

Жаңа тақырыптар түсіндірілген видеодәрістерде бала мен мұғалімнің тікелей байланысы болмағандықтан, кейбір сәттерді ата-аналарға түсіндіруге тура келді. Осы орайда журналистер төртінші тоқсанды жағдай жақсарған кезге ауыстыруға бола ма деген сауал қойды.

Асхат Аймағамбетов коронавирустық инфекцияның әлемде де, елде де қашан аяқталатынын нақты айту мүмкін емес деп жауап берді.

Оның айтуынша, оқу жылын жалғастыру туралы мәселе туындағанда, екі нұсқа қарастырылды.

Біріншісі - оқу процесін төртінші тоқсансыз аяқтап, жылдың бағаларын қою.

Екіншісі - соңғы академиялық тоқсанды кейінге қалдыру. Ведомство бірінші нұсқаға аса келіспеді. Екінші нұсқа да қабылданбады.

Білім және ғылым министрлігінің басшысы мектеп оқушыларына шілде-тамыз айларында оқуға тура келсе, олар демалмай, қыркүйек айында келесі оқу жылына бірден кірісуге мәжбүр болатынын айтты.

Сонымен қатар, әдіснамалық тұрғыдан алғанда, балалар төртінші тоқсанда қарастыратын көптеген тақырыптар үшінші тоқсанда өткен тақырыптармен байланысты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849331-bilim-ministri-oku-zylyn-sildege-dejin-zartudy-nelikten-mmkin-emes-ekenin-tsindirdi/