Выйти
RU

Ақтөбелік дәрігер вирустан қорғайтын бетперде ойлап тапты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақтөбелік дәрігер коронавирустан қорғайтын бетперденің жаңа түрін ойлап тапты. Айтуынша, ол жасап шыққан қалталы бетпердеге себілген спирттің буынан вирус тыныс жолдарына кірмейді. Сонымен қатар науқастарға арнап жасаған түрінде вирус сыртқа тарамайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Зейнеттегі дәрігер ойлап тапқан бетпердесін заңдастырып, сертификат алуды көздеп жүр.

"Ауру қалай таралып жатыр деген жаңалықтарға құлағымызды түріп отырмыз. Әсіресе, медицина қызметкерлерінің арасында дерттің таралуы алаңдатады. Қорғаныш халаты мен маска киіп жүрген дәрігер неге індет жұқтыруға тиіс? Бәріміз тағып жүрген медициналық бетперде қаншалықты қауіпсіз?

Оларды күнге алып қарасаңыз тесігі анық көрінеді. Бұдан ауамен бірге вирус оңай кіреді. Қазір бәрінің тағып жүргені осы. Бетпердеге өте сақтықпен қарау керек. Біреулер улы газда қолданатын белсенді көмірі бар маска киіп жүр. Ол вирус ұстамайды, газ ұстайды",- дейді Серғазы Қорғанбек.

Дәрігер тыныс жолдарын тарылтып, өкпе жұмысын зақымдайтын вирусқа тек жоғары қорғанышы бар бетперделер ғана төтеп  береді деген ойда. Оның үлгісін де жасап қойған. Бетперделердің дәрігерлер мен полиция қызметкерлеріне, науқастарға және қарапайым халыққа арналған үш түрін ұсынады.

Тағы да оқыңыздар

Дұрыс тамақтану ережелері

"Өкпенің іші жылы, вирус кірсе бірден көбейеді. Оған жол бермеуге тиіспіз. Медицинада пайдаланылатын этил спирті тез буланады. Осы қасиетін тиімді пайдаланып, буға айналған спиртпен демалуымыз керек. Ішке ауа тартқанда барлық вирус бетпердеге қонады. Барлық лас нәрсені жинайды. Сондықтан оның сыртын целлофанмен қаптадық.

Ал мұрын тұсына целлофан салмай, қалташа жасаймыз. Осы жерге 1-2 тамшы спирт құйылған дәкемізді саламыз. Демалуымызбен шыққан булы спирт өкпемізге өтеді, өкпені дезинфекциялайды. Бұл дәрігерлерге арналған түрі. Вирусты ішке кіргізбейді. Ал науқастар үшін масканың ішкі қалтасын пайдаланамыз. Демалу арқылы іштен шыққан вирус спиртті буда фильтрленіп, сыртқа тазасы шығады. Буланған бетперденің ішіндегі ауа жоғары жақтан шығады. Бұл бу көзге түсетін инфекцияны да құртады деген сөз. Өзім бір айдан бері киіп жүрмін",- дейді ол.

Бүгінде 80 жасқа шыққан дәрігер Ақтөбенің облыстық және қалалық ауруханаларында травматология бөлімдерін басқарған.

Зейнеткер денсаулық сақтау ісінің үздігі, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген травматолог дәрігері.

Ол идеясын жергілікті билік өкілдеріне де жеткізген.

"Олар менімен келіседі, бірақ қолдап отырған жоқ" дейді Серғазы Қорғанбек.

Тағы да оқыңыздар

Жүктілік кезінде әйел адамдар не істеуі керек?

Еске сала кетсек, осыған дейін мемлекет басшысы жағдай күрделеніп кетпесе елімізде коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған төтенше жағдай режимі 11 мамырда аяқталатынын мәлім етті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ақтөбелік дәрігер вирустан қорғайтын бетперде ойлап тапты