Выйти
RU

Ораза кезінде аузы берік адамға тіс пастасын қолдануға бола ма

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі "ораза кезінде аузы берік адам тіс пастасын қолданса бола ма" деген сұраққа жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы muftyat.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Дін мамандарының сөзінше, ораза ұстаған адам аузын тазалауына болады. Тіпті Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "Аузы берік кісінің тіс тазалағышы ол – мисуак", - деген.

Алайда, шариғатта аузы берік кезде себепсіз бір нәрсенің дәмін тату не шайнау – мәкрүһ, яғни ұнамсыз іс болып табалады.

Бұған байланысты кей ғалымдар тіс пастасын қолданарда ішке кетіп қалмауын қадағалағанмен, оның дәмі, бәрібір, ауыз қуысында ұзаққа сақталып қалатынын айтады.

Сондықтан ораза ұстаған адамға тіс пастасы да мәкрүһ деген пікірде. Алайда "оны қолдануға рұқсат. Тек ішке кетіп қалмауына көңіл бөлсін" деген ғалымдар да жоқ емес.  

"Ішке кетіп қалу ықтималдығы болғандықтан, аузы берік кезде тіс пастасын қолданбаған абзал. Ал қолданғысы келген кісілер, ішке кетіп қалмау жағын қатаң ескергені жөн. Себебі, ол ішке кетіп қалса, оразаны бұзады", - деп түсіндірді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы.

Тағы да оқыңыздар

Дұрыс тамақтану ережелері

Еске сала кетсек, Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы шариғат бойынша балиғатқа толған, ақыл-есі дұрыс әрбір мұсылманға Рамазан айында ораза ұстау – парыз екенін жеткізді.

Дегенмен ораза ұстамаса болатын санатқа кіретін жандарды айтып өтті.

"Жолаушыларға, сырқаттанған немесе денсаулығы нашар адамдар ауруының асқынуынан қауіптенсе және сенімді дәрігер ұзақ уақыт бойы ашығудан денсаулығы күрт нашарлап кетуі мүмкін деген шешім қабылдаса, сонымен қатар жүкті немесе омырауда баласы бар әйелдерге ораза тұтуды кейінге қалдыруға шариғат рұқсат береді", - деді бас мүфти.

Сондай-ақ, елдегі төтенше жағдайға байланысты тарауық намазы мешіттерде жамағатпен оқылмайтыны белгілі болды. Бұл індеттің таралуының алдын алу мақсатында жасалып отыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ораза кезінде аузы берік адамға тіс пастасын қолдануға бола ма