Выйти
RU

ТЖ кезеңінде қолдану мерзімі өткен құжаттар 10-шілдеге дейін жарамды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан азаматтары ТЖ кезінде жарамдылық мерзімі өткен құжаттарын алдағы екі ай ішінде ауыстыру керек деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Елімізде төтенше жағдай режимі енгізгеннен кейін ХҚКО жұмысы 26 наурыздан бастап тоқтатылып, бірқатар мемлекеттік қызметтер көрсетілмей қалды. Олардың ішінде жеке басты куәландыратын куәліктерді қайта рәсімдеу бар.

ІІМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, төтенше жағдайды енгізу форс-мажорлық жағдай деп танылады. Сондықтан Қазақстан Республикасының үкіметі азаматтардың кейбір құжаттарын жарамды деп тану туралы қаулы қабылдады.

Аталмыш құжаттардың тізімі жарияланды:

  • “Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында көрсетілген жеке басын куәландыратын құжаттар;
  • жүргізуші куәліктері, оның ішінде міндетті техникалық байқаудан өту туралы уақытша куәліктер;
  • азаматтық және қызметтік қару және оның патрондарын сатып алуға, сақтауға және алып жүруге рұқсаттар;
  • кіруге және кетуге арналған рұқсаттар (визалар), Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға арналған рұқсаттар, еңбекші көшіп келушіге және шетелдік жұмыс күшін тартуға жұмыс берушіге рұқсаттар, пана іздеуші адамның куәлігі.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Жарамдылық мерзімі төтенше жағдай кезеңінде өткен жоғарыда көрсетілген құжаттар ТЖ жойылған күннен бастап, күнтізбелік алпыс күн ішінде, яғни биыл 10 шілдеге дейін жарамды деп танылады.

Төтенше жағдай режимі кезеңінде және ол аяқталған күнінен бастап күнтізбелік 60 күн ішінде он алты жасқа толған және жеке басты куәландыратын құжат алмаған азаматтар үшін туу туралы куәлік немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспорты көрсетілген кезеңде жеке басын куәландыратын негізгі құжат болып табылады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
ТЖ кезеңінде қолдану мерзімі өткен құжаттар 10-шілдеге дейін жарамды