"Абдулманап, күресіңіз": Хабиб Нурмагомедовтің әкесі комаға түсті
Жарияланған күні:
Хабиб Нурмагомедовтің 57 жастағы әкесі Абдулманап комаға түсіп қалды. Бұл ақпарат ресейлік БАҚ беттерінде тарады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Дағыстандағы дереккөзге сілтеме жасаған "Спорт экспресс" басылымы Абдулманап Магомедовичтің Мәскеудегі әскери госпитальдердің біріне түскенін хабарлады. Ол Дағыстандағы ауруханадан астаналық клиникаға ауыстырылған.
Сәрсенбі күні Абдулманаппен таныс бірнеше MMA шебері әлеуметтік желіге бапкермен түскен суреттерін жүктеп, дұға жасауды сұрады. Ұқсас жазба Мовлид Хайбулаевтың парақшасында да пайда болды.
Хабибтің әкесі комаға түскенін "Чемпионат" басылымы да растап отыр. Тілшілерге бұл ақпаратты әйгілі дағыстандық комментатор, Абдулманап Нурмагомедовтің досы Рамазан Рабаданов хабарлаған.
Сондай-ақ, әйгілі ресейлік комментатор Василий Уткиннің Telegram арнасында да Хабибтің әкесінің комаға түскені жайлы жазба пайда болды.
"Абдулманап комада жатыр. Күресіңіз, Абдулманап", -деп жазды ол бапкер суретінің астына.
Нурмагомедовтер жанұясына Конор Макгрегор да қолдау білдірді. Хабибтің бұрынғы қарсыласы Twitter парақшасында Абдулманаптың денсаулығы үшін дұға жасайтынын айтты. Өз жазбасында Макгрегор Нурмагомедов көп чемпиондарды тәрбиелегенін жеткізіп, оның атқарған еңбегіне жоғары баға берді.
Baza Telegram арнасының жазуынша, ресейлік UFC чемпионының әкесі комадан шықты. Авторлардың хабарлауынша, Абдулманап Нурмагомедов комаға бірнеше күн бұрын түскен, қазір жағдайы тұрақталған. Ол жағдайы ауыр болса да, есін жия алған.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855691-abdulmanap-kresiiz-habib-nurmagomedovti-kesi-komaga-tsti/