RU

Түркістан облысында 80 жастағы қарияның үйінде көкнәр өсіргені әшкере болды

Түркістан облысының полицейлері 80 жастағы қарияның ауласынан 62 келіге жуық есірткіге ұқсас өсімдікті тапты. Сараптама нәтижесінде төрт соттық жерге егілген өсімдіктер “ұйықтататын көкнәр” болып шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz: Instagram

Анықталғандай, Шардара аудандық полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғын ауласында есірткі өсіреді деген хабарлама келіп түскен.

Аталған ақпаратты тексеру мақсатында КПБ-нің қызметкерлері жедел әрекет етіп, көрсетілген мекен-жайда анықтау жұмыстарының кешенін жүргізді.​

Нәтижесінде, 80 жастағы қарт тұрғынның үй ауласынан күтіп-баптап, өсірілген есірткіге ұқсас хош иісті 5,5 мыңға жуық түп табылды. Айғақты зат ретінде тәркіленіп алынған өсімдік 50 қап болған.

Одан бөлек, ауладағы тапшан үстінен мата қалташаға салынған, өзіне тән хош иісі бар айғақты заттар алынды.

Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, Қылмыстық кодекстің 296-бабы (есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша  қылмыстық іс қозғалды.​​​​​​​​​​ Бірқатар сараптама тағайындалды.

Зерттеу қорытындысына сәйкес аталмыш төрт соттық жерге егілген өсімдіктер, салмағы 62 келі жуық “Ұйықтататын көкнәр” болып шықты. Ал, тапшан үстінен алынған зат “кептірілген көкнәр сабаны” екені анықталып, жалпы салмағы 45 граммды құрады.​​​​​​​​

Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz: Instagram

Күдікті қария қылмысын толық мойындап, өсімдіктерді жеке басына пайдалану үшін еккендігін айтты. Бас шарасы қолхатпен босатылды.

Тергеу барысында 80 жастағы тұрғын бұрын осы тектес қылмысты жасап, үш жылға соталғаны белгілі болды

Полиция есірткі затын заңсыз пайдаланған, сақтаған және саудаға шығарған азаматтар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті. Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1855735-trkistan-oblysynda-80-zastagy-kariany-jinen-62-keli-kknr-tabyldy.html