RU

Бәз біреулер Facebook желісінде президенттің атынан жалған парақша ашқан

Facebook әлеуметтік желісінде президенттің атынан жалған парақша ашылды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бәз біреулер Facebook-та президенттің атынан жалған парақша ашқан
Фото: Ақорда: Twitter

Ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ашылған жалған аккаунттар мен парақшалар бұған дейін де көп болғанын баса айтты.

"Бола беретін де шығар. Әлеуметтік желілерде ашылып жатқан мұндай фейктерге сенудің қажеті жоқ. Өзіңіз айтып отырғандай, Қасым-Жомарт Кемелұлы Твиттерде және Инстаграмда тіркелген. Ал Фейсбукта мемлекет басшысының атынан тіркелген барлық аккаунттар мен парақшаларға сенбеуге шақырамын", - деп жазды Берік Уәли өз Facebook парақшасында.

Айта кетейік, осыған дейін Нұр-Сұлтан әкімдігі қала басшысы Алтай Көлгіновтің атын жалған аккаунттар пайда болғанын хабардар еткен еді. Қала билігі желіде жалған парақша ашқандар заң алдында жауап беретінін мәлімдеген.

"Әкімнің атынан басқа аккаунтарда орналастырылған кез келген ақпарат жалған екенін мәлімдейміз. Жалған аккаунтардың пайда болуына байланысты қала әкімінің аппараты қасақана жалған ақпараттың таралуын болдырмау үшін құқық қорғау органдарына жүгінуге мәжбүр болады", - деп жазылған хабарламада.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1855902-bz-bireuler-facebook-ta-prezidentti-atynan-zalgan-paraksa-askan.html