Выйти
RU

Нұр-Сұлтанда қатаң карантин режимі қайта енгізілуі мүмкін

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елордада кейбір қала тұрғындарының санитарлық нормаларды бұзуына байланысты қатаң шектеу шаралары қайта енгізілуі мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми Instagram парақшасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Дереккөздің мәліметінше, қазірдің өзінде қала аумағындағы бірқатар нысандар санитарлық номалардың бұзылуына байланысты жабылған. Барлық бұзушылықтардың көзі жойылмағанша, олардың қызметі қайта жанданбайды.

Елорданың атқарушы органында атап өткендей, коронавирус аурудан айығып кеткен адамдарға әлі де кері әсерін тигізуі мүмкін. Аталған ауру өкпе, бүйрек, жүрек, бауыр және ми секілді маңызды органдарды зақымдайды.

"Індетпен ауырып шыққан адамдарды бір немесе екі жылдан кейін қандай асқынулар күтіп тұрғаны белгісіз", – делінген әкімдіктің хабарламасында.

Нұр-Сұлтан денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықованың айтуынша, қазір қазақстандықтарға босаңсуға, санитарлық нормаларды ұстанбауға болмайды.

Ол астаналықтардың талаптарды ескермеген жағдайында қалада қатаң шектеу шаралары қайта енгізілетінін баса айтты.

Еске сала кетейік, бұған дейін астаналықтар санитарлық нормаларды сақтамаған жағдайда Нұр-Сұлтанда автобустардың қозғалысы қайтадан тоқтауы мүмкін екенін хабарлағанбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Нұр-Сұлтанда қатаң карантин режимі қайта енгізілуі мүмкін