RU

Нұр-Сұлтанда автобус қозғалысы қайта тоқтауы мүмкін

Астаналықтар санитарлық нормаларды сақтамаған жағдайда Нұр-Сұлтанда автобустардың қозғалысы қайтадан тоқтауы мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы City Transportation Systems өкілі Оксана Лоскутованың ресми парақшасына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда автобус қозғалысы қайта тоқтауы мүмкін
Фото: NUR.KZ: Original

CTS баспасөз қызметі коронавирус жұқтыру қаупі бар екенін атап өтті. Ол жолаушыларға бетперде киюге кеңес береді. Лоскутованың айтуынша, мұның маңыздылығын барлығыбірдей түсіне бермейді.

GTS өкілі 27 наурыздан 16 сәуірге дейін бірінші автопарктің бір қызметкері байланыста болған тұлға болып шыққанын, сондықтан автопаркті карантинге жабуға мәжбүр болғанын еске салды. Егер жағдай қайталанса, елордадағы автобустардың қозғалысы тағы тоқтайды.

Еске салайық, 15 мамырдан бастап Нұр-Сұлтанда автобус қозғалысы таңғы 6-дан кешкі 10-ға дейінгі кестеге оралды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 6157 коронавирус инфекциясы тіркелген, оның ішінде 1231 науқас Нұр-Сұлтан қаласында. Қазақстан Республикасында ауруынан айыққандардың жалпы саны 3056-ға жетті.

Еске сала кетсек, Нұр-Сұлтан қаласында 13 мамыр күні коронавирустан екі адамның қайтыс болғаны хабарланған еді. Оның бірі 62 жастағы әйел адам болатын. Елорда әкімдігі тұрғынның COVID-19-дан көз жұмбағанын хабарлаған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856156-nr-sltanda-avtobus-kozgalysy-kajta-toktauy-mmkin/