Выйти
RU

Белгілі тележүргізуші Бейсен Құранбек қайтыс болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстандық телевизия саласында өзіндік орны бар майталман тележүргізуші Бейсен Құранбек өмірден өтті. Бірқатар отандық журналист қаралы хабарды жеткізіп, барша қазақ халқына көңіл айтуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бейсен Құранбек. Фото: Instagram/beisenkuranbek

Бейсен Құранбек. Фото: Instagram/beisenkuranbek

Күллі елге "Айтуға оңай" бағдарламас арқылы танылған Бейсен Абайұлы Құранбек 49 жасына қараған шағында өмірден озды.

Белгілі тележүргізушінің қайтыс болғаны туралы оның журналистика саласындағы әріптестері хабарлады.

Іле ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Бақтияр Талғатұлы да өз парақшасында қаралы хабарды растады.

KAZ.NUR.KZ ұжымы марқұмның жанұясы мен жақындарына, әріптестеріне қайғыра көңіл айтады.

Айта кетейік, Бейсен Құранбектің ауыр дертке шалдыққаны туралы өткен жылы белгілі болған еді. Тележүргізуші жансақтау бөлімінен шығып, өзі үшін алаңдаған көпшілікке жағдайын баяндаған болатын. Ол кезде журналист денсаулығы қалыпқа келе жатқанын хабарлаған еді.

Оған қоса, Бейсен Құранбек өзін бір жарым жылда екінші рет аман алып қалған дәрігерлерге алғыс айтты. Белгілі тележүргізушіні асқазанындағы жарасы мазалаған.

Бейсен Абайұлы 1971 жылдың 9 желтоқсанында Алматы облысы Кербұлақ ауданы Қызылжар ауылында дүниеге келген.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын республикалық «Спорт» газетінде тілші, жауапты хатшы қызметінен бастаған.

Ал қалған ғұмырын қазақ телевидениесімен байланыстырып, «Рахат», «31 арна», «Хабар» арналарында, Президенттің телерадиокешенінде қызмет атқарған.

2007-2012 жылдары Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының бас директоры болды.

2013-17 жылдары «Қазақстан» телеарнасындағы жалпақ жұртқа танымал «Айтуға оңай» әлеуметтік-тұрмыстық ток-шоуының жүргізушісі болды.

2017 жылдың қыркүйек айынан бері ұлттық арнадағы «Қарекет» бағдарламасын жүргізді.

2014 жылдың қазан айында Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының бас директоры болып қайта тағайындалды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Белгілі тележүргізуші Бейсен Құранбек қайтыс болды
Mailfire view pixel