Выйти
RU

"Ақша мен биліктен де құдіретті дүние бар": Бейсен Құранбектің желідегі соңғы жазбасы

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін, 18 мамыр күні қазақ телевизиясы орны толмас қазаға ұшырады. Таң атысымен белгілі тележүргізуші Бейсен Құранбектің қайтыс болғаны жайлы қаралы хабар күллі елдің қабырғасын қайыстырды. Ол небәрі 49 жасына қараған шағында өмірден өтті. Ауыр дертке шалдыққалы желіде көпшілікті өзінің жағдайынан хабардар етіп отырған журналист өткен жылдың желтоқсан айында белсенділігін тоқтатқан. KAZ.NUR.KZ назарларыңызға Бейсен Құранбектің соңғы жазбасын ұсынады.

Фото: Instagram/beisenkuranbek. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/beisenkuranbek. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Бейсен Құранбек Facebook желісіндегі соңғы жазбасын тоғызыншы желтоқсанда өз туған күнінде жариялаған. Онда тележүргізуші өмірге қатысты ой-толғауымен бөліскен.

"Білу - бөлек , түсіну - басқа. Жыл басынан бергі ішкі арпалысқа толы күндерімде, ұйқысыз түндерімде үш нәрсені тереңірек түсіндім.
Бірінші. Ұстазым жиі айтатын "бұл өмірде ақшадан да, биліктен де құдіретті дүние бар. Ол- ниеттің, тілектің, батаның күші" деген сөздің рас екенін.
Екінші. Халқымыздың "басты байлық - денсаулық" деп бір ауыз сөзбен айта салған даналығына бас идім. Ұйқы тыныш, тәбетің жақсы боп, ертеңгісін еш жерің ауырмай оянудың өзі жарты бақыт екенін ұқтым.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Үшіншіден, бабаларымыз қалдырған "Байлық - қолға ұстаған мұз, Бақыт - басқа қонған құс, Бала - артта қалар із, бұл өмірдің қызығы - Сіз бен Біз" деген сөзінің тұтас өмірлік философия екенін, өмірдің мәні де, сәні де сыйластықта екенін әр клеткаммен сезіндім.
Менің ешқандай "заслугам" жоқ туған күнімде ақжарма тілегін ақтарған баршаңызға мың қайтара алғыс айта отырып, бір-біріміздің тілеуімізді тілеп, денсаулықтың қадірін біліп, бір-бірімізді шын көңілмен құрметтей білейікші дегім келеді. Бар болыңыздар" , - деп жазды ол.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Ақша мен биліктен де құдіретті дүние бар": Бейсен Құранбектің желідегі соңғы жазбасы
Mailfire view pixel