Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сіз мен үшін мәңгіліксіз": Дина Төлепберген әріптесі Бейсен Құранбекке жазба арнады

Опубликовано:

Отандық танымал тележүргізуші Дина Төлепберген мезгілсіз өмірден әріптесі Бейсен Құранбекке арнап жазба жариялады. Ол қазақ телевизиясының майталманы туралы өз естліктерімен бөлісіп, онымен қалай танысқаны жайлы бар шындықты айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/dina_tolepbergen/beisenkuranbek/ Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/dina_tolepbergen/beisenkuranbek/ Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Дина Төлепберген Бейсен ағасына деген алғысын оның көзінің тірісінде айтып үлгермегеніне өкінді.

Қос журналист осыдан 14 жыл бұрын жұмыс сапары кезінде танысқан болып шықты. Рига қаласында орын алған таныстық туралы "Астарлы ақиқат" тележүргізушісі Instagram парақшасында егжейлі-тегжейлі жеткізген.

"Бейсен ағамен бірінші рет Ригада жүріп танысып едім. 2006 жыл. Шілде. ⠀ Ертең тұңғыш Президентіміздің ресми сапары аясындағы кездесулер басталуы керек. Бұл менің тұңғыш рет Елбасымен шетелге баруым еді. Абыр-сабыр. Уайым. Ертең қай жерде тұрып стендап жазамын деп Риганың орталық алаңында ары-бері жүріп келемін. ⠀ Жаныма Бейсен аға келді. «Сен қайдан келген қыз боласың?» деді сабырлы даусымен. «КТК тілшісімін!». Содан кейін ол маған Қазақстан мен Латвияның ынтымақтастығы туралы көп қызықты дерек айтып берді. Осы жолы неге мән беру керектігін тәптіштеп түсіндірді. Оператор екеумізге өзінің әдетте қайда тұрып стендап жазатын жерін көрсетті. ⠀ Сол кеште ол мені мақтап та еді: «Көзіңде жалын бар. Ең бастысы – сол жалын ешқашан сөнбесін! Сол жалын сөнбесе, Сен өсе бересің, Динажан!» Содан кейін тағы төрт жылдай уақыт Бейсен аға да, мен де пулда істедік. Талай сапар болды. Ол әрдайым көмек беретін. Әрдайым бізге бағыт-бағдар беретін. Әуежайда ауыр сөмкемізді көтерісіп, Еуропада ақшамызды санап тұрғанымда, дұрыстап тамақтан деп, жақсы ас әперетін. ⠀ Бейсен аға, рақмет. Көзіңіз тірісінде алғысымды айтып үлгермедім. Сұм тағдыр сізді бізден алып кетті. Бірақ Сіз мен үшін мәңгіліксіз" , - деп жазды Дина Төлепберген.

Еске сала кетейік, кеше 18 мамыр күні белгілі журналист Бейсен Құранбектің қайтыс болғаны хабарланды.

Елге сыйлы тележүргізушінің қазасы барша қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырғаны анық. Бірқатар танымал тұлғалар Бейсен Құранбектің отбасына қайғыра көңіл айтып, оны есіне алып жатты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та тележүргізушінің жанұясына көңіл айтып, оның қазақ журналистикасында алар орын ерекше екенін атап өтті.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев марқұм журналистің жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Ол қазақ телевизиясына Бейсен Құранбектің қосқан үлесі елеулі екенін жеткізді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856367-siz-men-sin-mgiliksiz-dina-tlepbergen-riptesi-bejsen-kranbekke-zazba-arnady/

pixel