Выйти
RU

Бейсен Құранбек аптасына бір күн таксист болып, жолаушыларды тегін тасыған (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Фотограф Жеңіс Ысқабай 18 мамырда көз жұмған белгілі тележүргізуші, Қазақстанның мәдениет қайраткері Бейсен Құранбек туралы естелікпен бөлісті. Ол марқұмның көпшілік біле бермейтін кезекті жақсылығын айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Facebook/Жеңіс Ысқабай

Фото: Facebook/Жеңіс Ысқабай

Бұл туралы Жеңіс Ысқабай Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Алты күн журналист, жетінші күн таксист. Кеше Өміржаннан (ред. журналист Өміржан Әбдіхалық) естігенім. Аптаның бір күнін көлікке отырып алып көше кезумен айналысыды екен. Жәй жүріс емес. Кез келген жол бойында қол көтеріп тұрған адамды алып барар жеріне тегін жеткізіп отырыпты. Осыны дәстүрге айналдырып алған екен. Ақысы "Бата" еді.

Бұл Бейсекеңнің көбіміз білмейтін бір ғана үлгі болар қыры, ал әр қазақтың Бейсен ағамыз туралы өз айтары бар.

Алты күн арпалыстан кейін адам бір күн демалуы керек шығар. Бірақ біздің Бейсен ағамызда олда жоқ. Осы күнге дейін әр қазақты бауырына басып, әрқайсының тағдырына жанашырлықпен араласа жүріп өз күтімін ұмытып кетті. "Ел үшін туған ерлердің, алды-арты дария кең болар" дегені бекер емес! Ағалап жүруші едік. Енді... Рухы асқақ, еңсесі биік Бейсен Құранбек!" - деді ол.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Еске сала кетсек, осыған дейін марқұм Бейсен Құранбекке арналған ақындардың өлең жолдарын ұсынған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Бейсен Құранбек аптасына бір күн таксист болып, жолаушыларды тегін тасыған (фото)