Выйти
RU

Тоқаев Пәкістан президентіне көңіл айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан президенті Ариф Алвиге ұшақ апатына байланысты көңіл айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Тоқаев Пәкістан президентіне көңіл айтты

Көрнекі фото: NUR.KZ

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Карачи қаласының "Джинна" халықаралық әуежайы маңында апатқа ұшыраған ұшақта қаза тапқан және зардап шеккен адамдарға байланысты Пәкістан президенті Ариф Алви мен сол елдің халқына көңіл айтып, жеделхат жолдады.

"Жантүршігерлік апатта жақындарынан айырылған отбасылардың қайғысына ортақпын. Қаза қайырлы болсын. Жаратқан марқұмдардың жатқан жерін жайлы етсін. Ал жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуіне тілектеспін", – делінген жеделхатта.

Естеріңізге сала кетейік, Пәкістан билігі ел оңтүстігінде болған ұшақ апатынан кемінде 90 адам қаза болғанын растады.

Bol news телеарнасының елдің авиация министрі Гулам Сарвар Ханаға сілтеме жасап хабарлауынша, жерде бірнеше көлік пен бес үй қирап қалған.

Пәкістанның азаматтық авиация басқармасы өкілінің мәліметінше, Airbus А320 бортында 91 жолаушы мен жеті экипаж мүшесі болған. Синд провинциясының билігі әуе апатынан кемінде екі адамның тірі қалғанын және жердегі адамдардың зардап шеккенін мәлім етті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тоқаев Пәкістан президентіне көңіл айтты
Mailfire view pixel