RU

"Әдейі өлтіру бабы": Қос бірдей полицейдің өліміне қатысты іс неге өзгерді

Алматы блок-бекетіндегі қанды оқиғаға қатысты қылмыстық іс "жол апаты кезіндегі кісі өлімінен" "қасақана кісі өлтіру" бабына өзгергені белгілі болды. Ал отандық адвокат Бауыржан Азан жұмбағы көп апатқа қатысты бар шындықты халық білуі тиіс деп санайды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.

"99-бап - әдейі өлтіру": Блок-бекеттегі жол апатына қатысты іс неге өзгерді
Коллаж: KAZ.NUR.KZ. Фото: Видеодан кадр: Getty Images

Белгілі заңгер қос полицейдің өліміне қатысты қылмыстық істің бабы неліктен өзгергенін түсіне алар емес.

"Жол апаты болған кезде қылмыстық істер тек қана 345-бап бойынша қозғалады. Тәжірибе сондай. Бұрыннан қалыптасқан сот тәжірибесі. Қазіргі уақытта қалай 99-бап болатынын түсінбеймін. 99- бап дегеніміз - қасақана әдейі дайындалып, біреуді келіп өлтіру деген сөз.

Адвокат күдігі көп істі нақты түсіндірер ешкім жоқ дейді. Ол BMW жүргізушісінің аты-жөні, бейнесі тарап кеткен соң полиция барлық мәліметті таратқаны жөн деген пікірде.

Ал блок-бекеттегі басшы марқұмдардың жақын таныс емес едім деп отыр. Қақ бөлінген бетонды жол бойына өзі қойдырған екен.

Министрден қатаң сөгіс алған Алматы полициясының бастығы Қанат Таймерденов қайтыс болған Дастан Әдбіқановтың жаназасына қатысыпты.

Айта кетейік, марқұм полиция қызметкері Жарас Жанғазиев ұлды болуды 10 жыл күткен екен. Ол қайтыс боларының алында көршілерінің үйін аралап, айт мейрамымен құттықтап шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1857786-deji-ltiru-baby-kos-birdej-policejdi-limine-katysty-is-nege-zgerdi.html