"Депутат па": Желіде Алтынай Жорабаеваның жолдасының суреті тарап кетті
Жарияланған күні:
Жақында ғана екінші мәрте тұрмысқа шыққалы жатқанын хабарлаған Алтынай Жорабаеваның көптен жасырған жолдасының түрі қандай екені белгілі болды. Әлеуметтік желілерде өнер иесінің екінші күйеуінің суреті тарап кеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Алтынай Жорабаеваның жүрегін жаулап алған қостанайлық азаматтың фотосы Instagram желісіндегі zhuldyzdy_news парақшасында жарияланған.
Отағасы мен қыздарының бір дастархан басында отырған суретімен көпбалалы әншінің өзі де бөліскен.
Алайда, онда өнер иесі ғашығының түрін жауып қойса, ғаламторда тараған фотода ер адамның түрі анық көрінеді.
Желі қолданушылары бұған дейін жолдасының түрін жасырып келген эстрада жұлдызынан оның түрін көрсетуін қоймай сұраған болатын.
Нәтижесінде Жорабаеваның жүрегін жаулаған азаматтың фотосы өз парақшасында емес, басқа ақпараттық пабликтердің бірінде шықты.
Көпшілік қос ғашықтың өте жарасымды екенін жазып, оларға ақ тілегін жаудырды.
"Жарасады екенсіздер" , "Сізге адал жар, қыздарыңызға жақсы әке болсын" , "Бақытты болыңыз" , "Бұл кісі кім? Депутат емес пе?" , "Бес қызғалдаққа қамқоршы болсын" , "Бір мезетте төрт қыздың әкесі болады да шығады" , "Махаббаттарыңыз баянды болсын" , - деп жазуда көпшлік.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алтынай Жорабаева екінші мәрте тұрмысқа шыққалы жатқанын хабарлаған болатын.
Айта кетейік, бұған дейін Алтынай Жорабаеваның жолдасы туралы оның келіні айтып қойған болатын. Талғат Жорабаевтың жары қайын әпкесі өзіне одан бетер жақындай түскенін астарлап жеткізді.
Кейін Алтынай Жорабаеваның өзі таңдауы өзінен екі жас кіші қостанайлық жігітке түскенін айтқан еді. Өнер иесінің ғашығы арғын руынан екені белгілі болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1858665-deputat-pa-zelide-altynaj-zorabaevany-zoldasyny-sureti-tarap-ketti/