Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы қос полицейдің өлімі: Министр істі өз бақылауына алды

Опубликовано:

Полиция қызметкерлері қаза тапқан блок-бекетте болған ЖКО туралы іс ІІМ-не тапсырылды. Бұл туралы бүгін онлайн форматында өткен халықпен есепті кездесуде Алматы облысы полиция департаментінің басшысы Серік Қүдебаев мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматыдағы полицейлердің өлімі: Іс ІІМ-ге берілді
Фото: t.me/kozachkow және Алматы ПД: UGC
"Аталған ЖКО бойынша тергеу жұмыстарын Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаменті жүргізуде, министр істі өз бақылауына алды. Іс министрлікке берілді және тергеу жүргізілуде", - деді Серік Қүдебаев тікелей эфир кезінде.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 25 мамырда BMW жүргізушісінің бетон қоршауға, содан кейін жақын жерде тұрған патрульдік көлікке соғылғаны туралы хабарланған еді.

  • Сол сәтте көлікте отырған екі полиция қызметкері қаза тапты. Марқұмдардың артында балалары қалды.

Кейіннен адам өліміне әкеліп соқтырған жол көлік оқиғасына күдікті ер адамның органдарда жұмыс істегені хабарланды.

Кейіннен оған екі немесе одан да көп адамды қасақана өлтірді деген айып тағылған. Ал тергеумен Алматы облысының полиция қызметкерлері айналысатыны, себебі апат орны олардың құзырында екендігі айтылған. Алайда, ведомство басшысы бүгінде Ішкі істер министрлігі жауапты екенін айтты.

Айта кетейік, бұған дейін блок-бекетте көз жұмған полицейдің жары алғаш рет сұқбат берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858914-almatydagy-kos-policejdi-limi-ministr-isti-z-bakylauyna-aldy/

pixel