RU

Күдебаев Алматы облысында коронавирус жұқтырған полицейлер туралы айтты

Бүгін Алматы облысы полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаев өңірде коронавирус жұқтырған полиция қызметкерлері туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Күдебаев Алматы облысында коронавирус жұқтырған полицейлер туралы айтты
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: UGC
"Біздің қызметкерлер өткізу бекеттерінде көп жұмыс жасады, олардың арасында ауру жұқтырған (коронавирус - ред.) қызметкерлер де бар, олардың көпшілігі сауығып, қазір жұмыс істеуде, емделіп жатқандар да бар.
Мен олардың жасаған жұмыстары үшін ризамын. Қызметтік міндетін атқарғаны үшін қызметкерлерге үлкен алғысымды білдіргім келеді", - деді полиция генерал-майоры.

Сондай-ақ, ол Алматы облысында төтенше жағдай кезінде 127 блок-бекет орнатылып, онда 946 полиция қызметкері қызмет еткенін атап өтті.

  • Бүгінгі таңда Алматы облысында коронавирус жұқтырудың жалпы 402 жағдайы анықталған, оның 214-і емделіп шыққан. Облыста өлім жағдайлары тіркелген жоқ.

Еске салайық, Алматы облысындағы қалалар мен аудандар арасындағы жол кедергілері 18 мамырдан бастап алына бастады. 1 маусымға қараған түні Алматы мен облыс арасындағы жол тосқауылдары алынып тасталды.

Түнде мегаполис аумағы бойынша құрылған 27 пост өз жұмысын тоқтатты. Алматыдағы бақылау-өткізу пункттерінің жұмысына екі ауысымда жұмыс істейтін 700-ге жуық полиция қызметкері тартылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1858924-kdebaev-almaty-oblysynda-koronavirus-zktyrgan-policejler-turaly-ajtty.html