Күдебаев Алматы облысында коронавирус жұқтырған полицейлер туралы айтты
Опубликовано:
Бүгін Алматы облысы полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаев өңірде коронавирус жұқтырған полиция қызметкерлері туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Біздің қызметкерлер өткізу бекеттерінде көп жұмыс жасады, олардың арасында ауру жұқтырған (коронавирус - ред.) қызметкерлер де бар, олардың көпшілігі сауығып, қазір жұмыс істеуде, емделіп жатқандар да бар.
Мен олардың жасаған жұмыстары үшін ризамын. Қызметтік міндетін атқарғаны үшін қызметкерлерге үлкен алғысымды білдіргім келеді", - деді полиция генерал-майоры.
Сондай-ақ, ол Алматы облысында төтенше жағдай кезінде 127 блок-бекет орнатылып, онда 946 полиция қызметкері қызмет еткенін атап өтті.
- Бүгінгі таңда Алматы облысында коронавирус жұқтырудың жалпы 402 жағдайы анықталған, оның 214-і емделіп шыққан. Облыста өлім жағдайлары тіркелген жоқ.
Еске салайық, Алматы облысындағы қалалар мен аудандар арасындағы жол кедергілері 18 мамырдан бастап алына бастады. 1 маусымға қараған түні Алматы мен облыс арасындағы жол тосқауылдары алынып тасталды.
Түнде мегаполис аумағы бойынша құрылған 27 пост өз жұмысын тоқтатты. Алматыдағы бақылау-өткізу пункттерінің жұмысына екі ауысымда жұмыс істейтін 700-ге жуық полиция қызметкері тартылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858924-kdebaev-almaty-oblysynda-koronavirus-zktyrgan-policejler-turaly-ajtty/