Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екі рет ажыраспақ болдым": Ляйсира Марат Алагөзовтің опасыздығы туралы айтты

Опубликовано:

Белгілі отандық кәсіпкер Ляйсира Марат бұрынғы жолдасы Тұрсын Алагөзовтің опасыздығына қатысты оқиғадан кейін алғаш рет ашық сұхбат берді. Ол елді шулатқан жағдайға дейін де күйеуі тарапынан сатқындық белгілері болғанын жайып салды. Екі мәрте ажыраспақ болғанында Алагөзов оны райынан қайтарып алған болып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ "Честная жизнь" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/tursen_alaguzov/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/tursen_alaguzov/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Ляйсира Марат бұрынғы жолдасының опасыздығы өзі үшін күтпеген жағдай болмағанын алға тартты. Бұл Алагөзовтің алғаш рет көзге шөп салуы емес екен.

Кәсіпкер әйел күйеуінің өзіне адал емес екенін бұрыннан сезіп жүргенін жеткізді.

"Әлем маған белгі беріп жүрді. Әрине, бұл мен үшін күтпеген оқиға болған жоқ. Бірақ, мен "бәрін өзім шешемін, біз бәрін еңсеріп шығамыз" деген ұстанымды ұстадым.
  • Бұл бұрыннан басталды. Белгілер болды. Тіпті, 90 жылдары белгілер түсіп тұрды.

Бұл сатқындық белгілері еді. Мен бәріне төтеп беретін мықты адам болдым. Сол себепті, менің сезімімді, махаббатым мен қамқорлығымды осылайша пайдаланды.

Жағдай әбден ушығып, мен ажыраспақшы болған кезімде ол менің райымнан қайтарып жіберетіндей ғажайып заттар істеді. Мен екі рет ажыраспақ болдым. Нақты шешім қабылдағанымда өзіне сендіріп, көндіретін.
Негізінен кез келген әйел ажырасуды қаламайды. Түбінде әрқайсымыз отбасының сақталғанын қалаймыз ғой. Жанұя құндылықтары біз үшін аса маңызды, Менің оны кешіріп келгенімнің себебі де осы" , - деді Ляйсира Марат.

Еске сала кетейік, бұған дейін Тұрсын Алагөзовтың бұрынғы жұбайы оның опасыздығынан кейін қандай күй кешкенін айтып берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1859012-eki-ret-azyraspak-boldym-lajsira-marat-alagzovti-opasyzdygy-turaly-ajtty/

pixel