jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Азамат Қабетов
    Азамат Қабетов
    Бұрынғы қызметкер

    Қостанайда ер адам өзінің жыныс мүшесін кесіп тастаған

    : UGC

    Лисаковск қаласының 41 жастағы тұрғыны жұмыс орнында жыныс мүшесін кесіп тастаған. Ер адам ірі кәсіпорындардың бірінде жұмыс істейді. Қостанай облысының полиция департаменті жағдайға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қостанайда ер адам жыныс мүшесін кесіп тастаған
    Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

    Бұл төтенше жағдай 2 маусым күні болған.

    Алдын ала болжам бойынша, ер адамның әріптесі өзінің денсаулығына зиян келтіру әрекетінің куәгері болған. Алайда сол уақытта ол сыртқа шығып кеткен көрінеді.

    Қызметкер жұмыс орнына оралғанда, қорқынышты көрініске тап болады. Ер адам жергілікті кәсіпорындардың бірінде жұмыс істеген.

    Жараланған азамат шұғыл түрде ауруханасғаа жеткізіліпті. Онда оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп, ота жасалған және жыныс мүшесі тігілген.

    Әзірге оның бұл әрекетінің себептері белгісіз. Осы арада Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл фактіні растады.

    "Аталған факті тіркелді, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ер адам ауруханада жатыр. Оның дене жарақатын өзі жасағаны анықталды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады ведомствода.

    Алматыда бірнеше азамат мейрамхана алдында жаға ұстасып, жанжал салдарынан екі адам дене жарақатын алған.

    Қостанайда ер адам өзінің жыныс мүшесін кесіп тастаған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.