Жанболат пен Жазираның ұлы қарындасын "некесіз қызы" дегендерге жауап берді
Жарияланған күні:
Отандық эстраданың жарасымды жұбы Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекованың отбасы желіде қызу талқыға қалды. Жұлдызды жанұяға қатысты халықтың пікірталасы олардың ұлы Қазбектің жазбасынан кейін басталған. Жас жігіт қарындасын өзінің "некесіз қызы" деп айтқандарға жауап берген деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жазира мен Жанболаттың ұлы туған қарындасына қатысты пікір білдіремін деп басы дауға қалған.
Қазбек Қожахметов Instagram парақшасында екі ойлы жазба қалдырып, оқырмандарының күмәнін одан бетер ушықтыра түсті.
"Күн ысып, сорпа болып кеттік қой. “Дара Казбектің туған некесіз қызы, жай жасырып жүр” деген пікірді естіп, бір мәз болып қалдым.
Шынымен, біздің жас айырмашылығымыз әкесі мен қызындай. Мүмкін солай, олай болмауы да мүмкін. Мүмкін жоқ, мүмкін иә", - деп жазды ол.
Қазбек желі қолданушылары таратқан қауесеттерді не растаған да, не теріске шығарған да жоқ.
Бұл жағдайға қатысты оқырмандар пікірі әр түрлі болды. Бірі олардың шынымен қатты ұқсайтынын жазса, енді бірі Дараны оның некесіз қызы екеніне сенбейтінін айтты.
Еске сала кетейік, бұған дейін Жазира Байырбекова Алтынай Жорабаеваның қызына қызығушылық білдіріп елді шулатты. Ұлын үйелндіргісі келіп жүрген әнші өнердегі әріптесімен құдаласқысы келетін көрінеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1859028-zanbolat-pen-zazirany-ly-karyndasyn-nekesiz-kyzy-degenderge-zauap-berdi/