Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемде 24 карат алтынмен безендірілген алғашқы қонақ үй ашылды (фото)

Опубликовано:

Вьетнамда 24 карат алтынмен өрнектелген алғашқы бес жұлдызды қонақ үй ашылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Фото: қонақ үйдің Facebook парақшасынан
Фото: қонақ үйдің Facebook парақшасынан: Facebook

25 қабатты Dolce Hanoi Golden Lake қонақ үйі Ханойдың орталығында орналасқан. Ғимараттың бес мың шаршы метрге жуық қасбеті алтын жалатылған материалдармен жабылды. Қонақ үйдің құрылысына он жыл уақыт жұмсалған.

Ғимараттағы 342 бөлме империялық стильде безендірілген – жиһаздар мен әшекейлерге алтын жалатылған. Мейрамхана, бар және панорамалық бассейн өңделген алтынмен безендірілген. Қонақ үй бөлмесінің бағасы тәулігіне 250 доллардан басталады.

Айта кетейік, Dolce Hanoi Golden Lake алтынмен өрнектелген әлемдегі жалғыз қонақ үй емес.

Әлемге әйгілі Дубайдағы Burj Al-Arab қонақ үйінің лифтісі мен лоббиі 22 карат алтынмен безендірілген. Лас-Вегастағы Trump International Hotel өзінің алтын терезелерімен танымал. Сондай-ақ Абу-Дабидегі Emirates Palace қонақ үйінің төбесі мен қабырғалары алтын жалатылған.

Еске сала кетсек, бұған дейін көз тартар сұлулығымен әлеуметтік желі қолданушыларын таңғалдырған әлемдегі ең кішкентай балкондарды назарларыңызға ұсынғанбыз.

Сондай-ақ өз пәтерінде 1400-ге жуық өсімдік өсіріп, үйін джунглиге айналдырған жігіт туралы жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1859096-lemde-24-karat-altynmen-bezendirilgen-algasky-konak-j-asyldy-foto/

pixel