jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Үйін джунглиге айналдырған жігіт желідегілерді таңғалдыруда

: UGC

Ұлыбританияның Лестершир қаласының 20 жастағы тұрғынын әлемдегі жауапкершілігі мол жандардың бірі деп атауға болады. Жігіт өз пәтерінде 1400-ге жуық өсімдік өсіріп келеді. Ол, тіпті, өз ісі үшін ата-анасынан бөлек шығуға мәжбүр болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ге сілтеме жасап.

Үйін джунглиге айналдырған жігіт желідегілерді таңғалдыруда
Фото: instagram.com/ukhouseplants: UGC

Джо Бегли 13 жасында әжесінен хлорофитум гүлін сыйға алған. Сол сәттен бастап оның өсімдіктерге деген қызығушылығы арта бастапты. Осылайша, уақыт өте Джоның үйінде олардың саны күрт өскен. Үйінде гүлдерге орын жетпегендіктен, жігіт ата-анасынан көшіп кетуге мәжбүр болыпты. Олардың көп орын алғаны сонша, тіпті, үйдегі есіктерден тек Джоның өзі ғана өте алады екен.

Қазіргі уақытта Джо жергілікті өсімдік дүкенінде жұмыс істейді. Сондықтан, қымбат гүлдер сатып алмайды. Жігіттің әлеуметтік желідегі парақшасы да өсімдіктерге толы. Джо өзі секілді гүлдерді жаны сүйетін адамдарға көмектесу үшін сайт та ойлап шығарды.

Ал оның достары солған гүлдерін тірілту мақсатында Джоның көмегіне жиі жүгінеді.

"Қызық. Мен өсімдіктерді емдейтін ауруханаға айналғандаймын. Маған адамдар емдеуге түрлі гүлдерді әкеледі. Мен оларға күтім жасап, қайта қайтарып беремін. Тіпті, қай өсімдікті қашан суару керек екенін сезіп тұрамын. Кейде түн ішінде "лалагүлді дәл қазір суару керек" деген оймен оянамын", - дейді жігіт.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін кофенің бетіне ғажайып сурет салатын кореялық бариста жайлы жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Үйін джунглиге айналдырған жігіт желідегілерді таңғалдыруда

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.