"Тоқтап тұруы бірталай шығын": Шымкент әкімі тойхана иелеріне ерекше ұсыныс айтты
Жарияланған күні:
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов тойханаларға әзірге ресторандар секілді жұмыс істеуді ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.
"Тойханалар ресторан секілді ашып жұмыс істеңіздер. Біз түсінеміз. Тойханалардың жұмысының тоқтап тұруы бірталай шығын. Бірақ ең бастысы - адам денсаулығы.
Тойхана ашылып, той өткізер болса КВИ-мен ауыратын бір адам тойға келген 300 адамға жұқтырады. Ол 300 адам үйіне барады. Бала-шағасы бар. Үйіндегілердің ауру жұқтыруына себеп болып, одан 1200-ге, тіпті 2000-ға дейін өсіп кетуі мүмкін.
Содан қаланың бар тұрғынын ауыртып алсақ бұл жақсылыққа апармайды,"- деді шаһар басшысы.
Қауіпті індетке байланысты екі жарым айдан бері жұмысы тоқтап тұрған тойхана иелеріне бұл туралы әкім қаладағы "Бизнеске арналған Үкімет - Shymkent Invest" кеңсесінің жаңа форматта ашылуы кезінде кәсіпкерлермен кездесуі барысында айтты.
Еске сала кетсек, осыған дейін Алматы қаласының бір топ асабалары мен өнер иелері тойға рұқсат бермей отырған билікке реніштерін білдірген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1859508-toktap-truy-birtalaj-sygyn-symkent-kimi-tojhanalarga-erekse-synys-ajtty/