Выйти
RU

Елімізде COVID-19 инфекциясының белгілері жоқ тағы 440 адам анықталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

2020 жылғы 9 маусымдағы жағдай бойынша елімізде жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ 440 тасымалдаушы тіркелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Осы сағатта елімізде жалпы ауру белгілері жоқ тасымалдаушылардың саны 2136-ға жетті:

Нұр-Сұлтан қаласы - 336 Алматы қаласы - 299 Шымкент қаласы - 349 Ақмола облысы - 23 Ақтөбе облысы - 39 Алматы облысы - 168 Атырау облысы - 204 Шығыс Қазақстан облысы - 123 Жамбыл облысы - 40 Батыс Қазақстан облысы - 238 Қарағанды ​​облысы - 350 Қостанай облысы - 19 Қызылорда облысы - 86 Маңғыстау облысы - 88 Павлодар облысы - 33 Солтүстік Қазақстан облысы - 110 Түркістан облысы - 71

Cоңғы дерек бойынша, елімізде коронавирус инфекциясы 13319 адамнан анықталды. Олардың 8015-і ауруханадан шықса, 61 науқас көз жұмды.

Еске сала кетсек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы еуропалық бюросының директоры Ханс Клюге бірқатар елдерде, соның ішінде Қазақстанда инфекция жұқтыру деректерінің көбею себептеріне қатысты пікір білдірген болатын.

Ол Армения, Қазақстан және Әзірбайжан сияқты бірнеше елдің үкіметтері коронавирусқа қарсы тиісті шараларды уақытылы қабылдап жатқанын атап өтті.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елімізде COVID-19 инфекциясының белгілері жоқ тағы 440 адам анықталды