Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

50-і Қарағанды облысынан: Елімізде тағы 245 адамнан коронавирус табылды

Опубликовано:

Қазақстанда тағы 245 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды. Қазіргі уақытта жалпы ел аумағында коронавирус жұқтырғандар саны 13 319-ға жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz ресми сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Depositphotos
"Қазақстанда өткен тәулікте 245 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды.
Олардың 50-і Қарағанды ​​облысынан, 35-і Алматы қаласынан, 26-ы Ақтөбе облысынан, 23-і Нұр-Сұлтан қаласынан, 18-ы Батыс Қазақстан облысынан, 16-ы Жамбыл облысынан, 14-і Шымкент қаласынан, 12-і Маңғыстау облысынан, 11-і Алматы облысынан, жетеуі Солтүстік Қазақстан облысынан, бесеуі Ақмола облысынан, бесеуі Шығыс Қазақстан облысынан, бесеуі Қызылорда облысынан, бесеуі Атырау облысынан, үшеуі Қостанай облысынан тағы екі адам Павлодар облысынан. Өсім 1,9% құрады", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, сонымен қатар өткен тәулікте коронавирустан тағы үш адамның қайтыс болғаны хабарланды.

Өлім жағдайлары Түркістан мен Павлодар өңірлерінде тіркелген. Марқұмдар 1962 жылы және 1948 жылы дүниеге келген. Соңғы дерек бойынша елімізде COVID-19-дан көз жұмғандар 61 адамға жетіп отыр.

Ал коронавирустан жазылғандарға келер болсақ, 8015 адам ауруынан айығып, үйлеріне оралған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1859660-elimizde-tagy-245-adamnan-koronavirus-anyktaldy/

pixel